М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
rokossovskaya
rokossovskaya
21.01.2021 23:37 •  Қазақ тiлi

Сочинение на тему мой родной край на казахском

👇
Ответ:
eniyo2005
eniyo2005
21.01.2021
Менің туған өлкем - Қазақстан Республикасы. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға толы. Еліміздің табиғаты неткен сұлу десеңші! Мөлдір суын, жайқалған жасыл шөбін, асқар тауларын сүйемін. Сонымен қатар, аңдар, мен құстар, жануарлар өмір сүреді. «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» демекші, менің кіндік қаным тамған жер – Асықата. Туған жерімді қатты жақсы көремін. Осындай өлкеде туғаныма мақтан етемін. Туған жерім күннен күнге көркейіп келеді. Әсем ғимараттар бой көтеруде. Бау-бақшасы, таза ауасы, ақ алтын ақ мақтасы, егінді даласы, малға толы өрісі - біздің мақтанышымыз. «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас»- деп, ата-бабаларымыз бекер айтпаған екен ғой. Елімнің кең даласындай  байтақ дала еш жерде жоқ шығар
4,8(57 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
NeznaykaVshkole
NeznaykaVshkole
21.01.2021

Өткен жазғы демалысымда Астана қаласына саяхат жасадым. Саяхат өте қызық болды және жаңа достар таптым.  Астана – менің елімнің астанасы. 1997 жылдан бастап Ақмола Астана қаласы деп аталады. Бүгін Астана әлемдегі ең әдемі, тартымды сәулеттерімен таңқалдыратын қалалардың бірі. Кең даланың ортасында Астана гүл секілді өсіп тұр. Бүгін Астана әлемдегі ең жас астана болып саналады. Қаламыз– даму жолында тұрған мемлекетіміздің мақтанышы.  Жас қалада тамаша тұрғын үй кешендері, әкімшілік ғимараттар мен сәулет ескерткіштері бар. Сондықтан да бас қаламыз өзгеше бір көркем көрініске ие. Мен саяхат кезінде Астананың тірегі– Бәйтерекке бардым. Ол жерден қаланың барлығы айдан-анық көрініп тұрды. Сосын Думан ойын-сауық кешеніне жол тарттым. Мұнда көптеген балықтардың және тағы басқа су жануарларының түрлерімен таныстым. Маған қала өте ұнады. Мен есейгенде Астанаға келіп, қаланың көркеюіне өз үлесімді қосқым келеді.

4,6(97 оценок)
Ответ:
свайпер
свайпер
21.01.2021
- Досым, мен қазақ тілін тереңдетіп үйренгім келеді.
- Жақсы, мен саған бұл туралы азғантай кеңестер бере аламын.
- Жарайды.
- Ең алдымен әртүрлі сөздердің мағыналарын біліп алу үшін сөздіктерді пайдаланғаның жөн. Және де қазақ тілінде кітаптарды, әртүрлі газет-журналдарды оқығаның да артық болмайды.
- Жақсы, осы айтқандарыңды істеуді әдетке айналдырайын. Қазақ тілін үйренудің тағы да басқа тиімді тәсілдері бар ма?
- Иә. Сен теледидар мен әртүрлі желілер арқылы қазақ тіліндегі бағдарламаларды, видеоматериалдарды, мультфильмдерді көруіңе болады.
- Бұл тіл үйренудің тамаша жолы екен!
- Сонымен қатар қазіргі таңда ғаламторда қазақ тілінде әртүрлі логикалық, ойды дамытатын және тағы басқа ойындар шығып жатыр. Соны байқап көруіңе болады.
- Қандай қызықты тәсіл десеңші!
- Дұрыс айтасың. Және де қазақ тілінде жиі мәтіндерді оқы, жиі әртүрлі шығармалар жаз.
- Көмегіңе, берген кеңестеріңе көп раxмет, досым! Қазақ тілін жетік меңгеруге барымды саламын.
4,6(29 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ