Елін сүйген ерлер батыл жүрегімен, намысшылдығымен жауына тойтарыс берді. Ақтық демі қалғанша соғысқан қазақ батырлары Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сынды қазақ батырларының зор еңбегі сіңді. Солардың арқасында еліміз гүлденген әлемге айналды. Кейін батырларымыздың аты ұмытылмай, оларға «Халық қаһарманы» атты атақ берілді. Ел мен үшін не істей алады деп сұрама, қайта ел үшін өзім не істей аламын деп сұра?! Бабаларымыз елін, тілін қорғап, болашақ, яғни қазіргі Қазақстан үшін жанын қиды. Ол кездерде қиын кезең болып, отбасыларының еркектері соғысқа аттанып, әйелдері сол ауылдағы ауыр жұмыстарды істеді. Бірліктің, достықтың, ерліктің арқасында Ұлы Отан соғысында жеңіске жеттік. Қазақ халқы өздерінің ұлтшыл, намысшыл болуының әсерінен 1991жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекетке айналды. Бүгінде халқының саны 16 млн, 140 ұлт бар.Ұлы Отан соғысына дәл бүгін 66 жыл болды. Ал, соғысқа қатысқан адамдардың ішінде бүгінгі күнге жеткендері де, соғыста қаза тапқандары да бар. Сол қаза тапқандарды әрдайым еске алып тұрады. Сондықтан 9 мамыр Жеңіс күні деп белгіленген. Елімізді жаудан қорғаған батырларымызға айтар алғысымыз шексіз!
Мен 25 жыл әскерде болдым.біле білген кісіге бұл үлкен университет.осы 25 жылдың ішінде талай кездестім,сабақ алдым.талай генералдың қол астында жұмыс істедім,тәрбие алдым.өйткені командир деген әскери педагог қой. мен осы 25 жыл ішінде қарамағымда болған, үстеріне шинель киген солдаттар арқылы барлық халықтардың жанын ұқтым деп ойлаймын.отан үшін өз басымды өлімге байлай отырып,мен оларды ажалмен алысуға жұмсадым.олардың өлмеуі үшін, өз ұрпақтарын, өз халықтарының намысын, оның өздері сүйетін асыл қасиеттерін аман сақтап қалу үшін қасықтай қаным пида деп жанып тұрған отқа талай түстім.өз халқын құрметтеп,сүймеген опасыз,оңбаған .өз елінің бағасын білген ғана басқа елді қадірлей алады.өйткені халықтардың туыстығы алдымен ң өз халқына сүйіспеншілігіарқылы ғана келеді.мен өзге ұлттарды құрметтеуші,өз ұлтын сүюші!