Доспамбет жырау өз басын өлімге тігіп, сан рет қанды шайқастарға қатысқан ата қонысын үлкен сүйіспеншілікпен толғайды. Жырау ел қорғау, жорық тақырыбына арналған жырларында елі мен жері үшін өлген ердің арманы жоқ деп, отаншылдық рухты бәрінен биік қояды. Ол серілік пен сақилықты, дарқандықты, қонақжайлылықты ата-бабадан келе жатқан асыл дәстүр ретінде дәріптейді.
Доспамбет жырау шығармалары қазақ поэзиясы тарихында өзгеше көркемдігімен, екпінді ырғағымен ерекшеленеді. Жырау айтайын деген ойының қуатын еселеп арттыру үшін қайталауларды жиі қолданады. Сөйтіп, оларды ұтымдылықпен пайдаланып, ойдың әсерлілігі мен, өткірлігін күшейте түседі. Доспамбет жыраудың ерлік пен елдікке үндейтін толғаулары Бұқар жырау, Махамбет сынды өзінен кейінгі ақындарға елеулі әсер еткені байқалады. Бұл дәстүр толыса, кемелдене келе жаңа сипатқа ие болды. Жыраудың шығармалары біздің заманымызға толық жетпеген. Оның жырларының көпшілігі жорық үстінде қолма-қол айтылған. Сондықтан ел жадында сақталғандары ғана бізге жеткен.
Осы азғана жырларының өзінен-ақ оның жырды түйдек-түйдегімен ағытатын дауылпаз жырау болғаны аңғарылады. Доспамбет жыраудың жырлары ертеректе 1893 жылы М.Османовтың «Ноғай уа құмық шығырлары» атты жинағына енген. Кейін 1896 жылы В.Радловтың «Халық әдебиетінің үлгілері» деген жинағына басылды. Оның жырлары «Ертедегі әдебиет нұсқалары», «Алдаспан», «XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы», «Бес ғасыр жырлайды», т.б. сан алуан хрестоматия, жинақтарда үздіксіз жарияланып келді.
Вокзал туралы.
Вокзал ғимараттары - жолаушыларға қызмет көрсетуге, көлік қозғалысын басқаруға арналған қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар кешені. Жалпы, вокзал дегенде көп адамдардың көз алдына теміржол елестейтіні сөзсіз. Үлкен қалаларда вокзал ғимараты күні – түні жұмыс істеп, жолаушыларға түрлі бағыттарға билеттер сатылады.
Қалаға пойызбен келген жолаушы қонақтардың қаламен таныстығы осы вокзалдан басталады. Вокзалда тек қана билет сатып алып қана қоймай, сонымен қатар кішігірім дүңгіршектерден керек – жарақты сатып алуға, ыстық тағам ішуге, шаш қидыруға, жүк қоймасына сөмкелерді қалдыруға, банкоматтан ақша шешуге болады.