Көп нүктенің орнына сілтеу есімдіктерін жаз.
Бұл — наурыз мейрамы. Оны қазақ халқы ертеден тойлап келе жатыр. Халқымыз оған ерекше дайындалған. Наурыз тойында ұлттық ойындар ойналады. Олардың түрлері көп. Соның бірі – арқан тартыс. Ол — өте қызық ойын. Адамдар бұл күнді көңілді өткізеді. Олар бірін - бірі наурыз мерекесімен құттықтайды. Осы күнге аман - есен жеткеніне рақмет айтады, алдағы күннен жақсылық күтеді.
Қажетті есімдіктердің екеуінің берілген формасы дұрыс емес. (соны - соның болу керек.
оның - олардың болу керек)
Ұлттық ойындар көпше түрде тұрғандықтан, келесі сөйлемде : Олардың түрлері көп.
"бірі" деген сөз ілік септігіндегі сөзді талап етеді, ненің бірі? Соның бірі – арқан тартыс.
Проблема дегеніміз не өзі? Бұл қандайда бір істің шешімін таба алмай қиналу. Олай болса, қазіргі жастарды не қинайды, не жетіспейді, олар ненің шешімін білгісі келеді? Менімше, қазіргі жастардың бірінші проблемасы олар үшін басқалар бәрін дайындап қоюға үйренгендігі.
Білімге, білуге құштарлығының аздығы. Оның орнына өзгенің байлығына, жетістіктеріне қызығушылығы оны қызғанушылығы. Сондай дәрежеге қандай да болса жолмен жетуді армандауы, ол мейлі арам жолмен қол жеткізген болса да.
Мейірімділіктің азаюы, қатыгездіктің орын алуы. Жақсымен жаманды айыра алмауы.