М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
айлимайли
айлимайли
02.01.2022 09:12 •  Қазақ тiлi

Эссе на тему экология города алматы на казахском языке

👇
Ответ:
aleks1yus
aleks1yus
02.01.2022
Алматы қаласы еліміздегі ең ірі мегаполис болып табылады. Қазіргі танда Алматы еліміздің экономика, қаржы, мәдени және білім беру орталығы екені бәрімізге мәлім. Мегаполистің дамуы мен әлеуметтiк-экономикалық тұрғыда тұрақты iлгерi жылжуы, республикалық бюджеттiң төрттен бiр бөлiгiн қамтамасыз етуi осының айқын белгісі.

Сондай-ақ өндірістің өсуі, экономиканың дамуы мен халықтың әл-ауқатының жақсаруы қоршаған орта мен экологияға кері әсерін тигізуде. Ауаны ластаушы стационарлы, қозғалмалы көздердің жылдан-жылға артуына байланысты қала атмосферасының ластану деңгейі халықтың денсаулығына кері әсерін тигізіп отырғаны аса маңызды экологиялық проблемаға айналып отыр.

Осы жағдайды ұшықтыруға қомақты үлес қосып жатқан қаламыздағы арлы-бері ағылған көлік екені де барлығымызға белгілі. Соңғы мәліметтерге сәйкес Алматыда автокөлітің саны 521 мыңнан астам бірлікті құраса, халықтың автомобильдерге ие болу деңгейі әрбір 1000 адамға 350-ден астам жеңіл көлікке жетті.

Сонымен қатар, соңғы жылдары экологиялық жағдай жақсаруға бет алғанын айта кету керек. Мысалы, Қазгидрометтің Гидрометеорологиялық мониторинг орталығының ақпаратына сәйкес Алматыда атмосфералық ауаның ластану деңгейі 2008 жылы 13,3 құраса, ағымдағы 2013 жылы  бұл көрсеткіш 11,3 құрады.

Экологиялық проблемалардың қоғам үшін жоғарғы маңыздылығын ескере отырып, «М.Әсер» қоғамдық қоры қаламыздағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша атқарылған жұмыстарға қысқа талдау жүргізді.

Талдау барысында Алматы қаласының әкімдігі мегаполистің экологиялық жағдайын жақсарту үшін кешенді жұмыс атқарып жатқаны белгілі болды. Осы бағытта атқарылған оң шаралар тізімінде ТЭЦ-1-ді толықтай сығымдалған газға көшіру, кәсіпорындар мен жекеменшік секторларға газ тарту жұмыстарын атап өткен жөн. Бүгінгі таңда жеке үйлерді газбен қамтамасыз ету мақсатында 63,6 км газ құбыры салынған екен.

Тұрмыстық қатты қалдықтардың проблемасын шешу үшін қалалық қоқыс өңдеу станциясына реконструкция жұмыстары жасалып, аудандық қоқыс жинақтау станциялары ашылады. Тұрмыстық қатты қалдықтар проектісін басқаруды іске асыру үшін инвестициялар тартылуда.

Қалада көлікті газға көшіру барысында да оң істер атқарылуда, мұнда республика бойынша тұңғыш рет муниципалды автобус паркі пайда болды. Алматы қалалық жолаушылар көлігібасқармасының мәліметіне сәйкес ағымдағы жылдың желтоқсанында екінші коммуналдық автобус паркінің құрылысы аяқталады және 2014 жылы үшіншісінің құрылысы басталады. Бұл үшін қала әкімдігімен Еуропалық даму және қайта құру банкінің кредиттік қаржысы есебінен 200 автобус және жергілікті бюджет есебінен 400 автобус пен 200 такси сатып алынады. Бұл парк газбен жұмыс істейтін болады. Ал 200 автобус пен 200 такси жеке тасымалдаушыларға қызмет көрсетуге беріледі екен.

Ағымдағы жылы тролейбус паркінің тозуына байланысты Алматы әкімдігімен оның жылжымалы құрамын жаңарту бойынша шешім қабылданып, Еуропалық даму және қайта құру банкі ұсынған кредиттік қаржы есебінен 195 жаңа тролейбус сатып алынған болатын.

Қазіргі уақытта жеңіл рельсті көлік желісі құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде. Аталған жобаның құрылысын қаржыландыру үшін қала әкімдігі мен Еуропалық даму және қайта құру банкі арасындағы меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ қалалық автомобильмен тасымалдауды дамыту бағдарламасы аясында қала шекарасында үш бекет пен 2 автостансаның құрылысын салу қарастырылған. Олардың әрқайсысында кемінде 5 мың көлікке арналған автотұрақ салынады.

Бұл кешенді шаралар тысқары жерден келетін көліктер легін төмендетіп, қаланың орталық бөлігінде жеке көлікті пайдалануды қысқартып, Алматының экологиялық ахуалын жақсарта түсетіндігі сөзсіз.

☆☆☆Қиын болмаса маған тіркелші.Білгенімше көмегімді беремін.☆☆☆
4,4(28 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
sashakesha2006
sashakesha2006
02.01.2022
Менің атым Насьтя.Менің жасым 12де.Мен 6-ншы сыныпта окимын.Менің отбасымда 4 адам бар.Олар:мама,папа,сіңілім және мен.Менің акемнің есімі Алексей.Ол 42 жаста.Ол бас менеджер болып жумыс жасайды.Ал анамның есімі Наталья.Ол 40-та.Ол уйде уй шаруасымен айналысады.Мен анама уйди жинауга,ыдыс жууга,тамак əзірлеуге көмектесемін.Менің сіңілімнің аты Саша.Олда 6-ншы сыныпта оқиды.Біз кунде бір-бірімізге көмектесеміз.Біздің итіміз бар.Оның аты Ева.Ол 7-де.Біз оны катты жаксы коремиз.Менің жанұям тату-тәтті.
4,4(88 оценок)
Ответ:
Jefry228
Jefry228
02.01.2022
Менің атым Настя. Мен он екі жастамын. Мен алтыншы сынып жүрмін. Менің отбасым үлкен емес. Әкем, анам, қарындасы және мен. меніңәкем аты Алекс болып табылады. Ол қырық екі жыл болды. Ол бас менеджері болып табылады. Менің шешесінің аты-жөні Наталья болып табылады. Ол қырық жыл. Ол үй шаруасындағы әйел. Мен тамақ пісіруді, ыдыс жууға, анам тазалау көмектеседі. Менің қарындасы Саша деп аталады. Ол сондай-ақ, алтыншы сыныпта оқиды. Біз әрқашан бір-біріне көмектеседі. Біз ит бар. Оның есімі Eve болып табылады. Ол жеті жаста. Біз оған өте жақсы көреді. Менің отбасым өте мейірімді!
4,6(50 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ