ответ: торайғыров сұлтанмахмұт (1893-1920) сұлтанмахмұт– қазақ ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері, ойшыл.
солтүстік қазақстан облысының уәлиханов ауданында туған. торайғыровтың 3 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болды. кейін әкесі екі ұлымен баянауылға көшіп, торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанды. торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан мұқан, әбдірахман, тортай деген молдалардан дәріс алды. өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан мұқан молда тәлімінің торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, 1908 жылы баянауылдық әбдірахман молданың қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болды.
1911 жылы жаңаша оқыған нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татар тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады. 1912 жылы троицкідегі ахун рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы оқытады
объяснение: вот так
ответ:
әбілхан қастеев (1904 —1973 жж.) — қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. туып-өскен жері — алматы облысына қарасты жаркент төңірегі. топырақ бұйырған жері — алматы қаласы. қазақстанның халық суретшісі (1944). қазақстан суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956).
объяснение:
еңбек жолын түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. мәскеудегі көркемсурет студияcында н.г.хлудов пен и.бродскийден сабақ алды (1929-1936). халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.
әбілхан қолөнерге, одан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. анасы айғанша кілем, алаша, бау-басқұр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер болыпты. әбілхан осы халық өнеріне кезінен көз қанықтырып, анасына ою-өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. оның 1930-1931 жылдары салған "қарындастың портреті", "автопортрет" атты туындылары тұпнұсқаға ұқсастығымен және кейіпкер болмысын ашуға деген талпынысымен ерекшеленеді. ол бірте-бірте ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысына ден қойып, тарихи-әлеуметтік өзгерістерге суреткер зердесімен қарай бастайды. оның "мектепте" (1930), "түрксіб" (1932), "жамбылдың портреті" (1937), "ескі және жаңа тұрмыс" (1937-1941), "амангелді сарбаздары" (1970), "жас абай" (1945) сияқты туындылары дарынды суретшінің өткен мен бүгінді шыншылдықпен бедерлеген көркем шежіресі іспеттес.
болатын шыгар)
Сұрақ-Жауап іздеу
×Close Сайтты қолдану үшін FAQ танысып шығыңыз!
"Туған жер - алтын бесігім" тақырыбына ойтолғау түріндегі шығарма жазып бере аласыздар ма?
0
0
76.5k қаралды
"Туған жер - алтын бесігім" тақырыбына ойтолғау түріндегі шығарма жазып бере аласыздар ма? Эпиграфы болса екен.
шығарма
қазақша сұрақ
Neniel Жалпы сұрақ 21.10.2012 сұрақ қойды
Жауап Беру Пікір
Өте жақсы жазылған рахмет
Айгуль 17.03.2017 пікір қосты
5 жауап
4
0
Жақсы Жауап
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.
Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер...еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. А ң татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың барлығы қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі келек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғыкөркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.