Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Менің досым өте жақын әрі мені түсінетін сырласым ! Ол маған әр қашанда көмектесетін , тындай білетін, қателігімді әрдайын түзеуге дайын жан. Менің мұнайған кезімде ол менің көңілімді табуға барын салып , күлдіртіп жүреді ! Ол менімен өзінің құпияларымен бөлісіп екеуіміз бір бірімізге сеніммен сырласамыз ! Менің досым әлемдегі ең жақын, ең жақсы дос! Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық.
Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай, бірін-бірі көргісі келмейді екен. Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған – алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен. Алтын мен күміс түгілі, нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті. Бір жылы көктемде алапат, су тасқыны болады. Бай алтынын көтеріп ағаштың басына шығып кетеді. Ал кедей болса, бір көмеш нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге созылады. Бір күні қарны ашқан бай кедейге: - Әй, кедей, сен мына бір кесек алтынды ал да, маған бір үзім нан бер, - дейді. - Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын, - деп жауап береді кедей. Екінші күні бай кедейден тағы да нан сұрайды. - Алтынымның жартысын берейін, - дейді ол бұл жолы. - Жоқ, бере алмаймын, - деп бұл жолы да кедей келіспейді. Ақыры, аштан өліп бара жатқан соң шыдамай, бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Кедей бәрібір көнбейді. Бойынан күші кеткен бай басы айналып, суға құлап кетеді. Ал, келесі күні су тоқтап, кедей ағаштың басынан түседі. Халықтың: «Алтын, күміс – тас екен, арпа, бидай – ас екен» дейтіні осыған орай айтылған екен.
Қайда баражатқан шалсың? ККел екеуміз күш сынасайық-деп қазандай бір тасты көтеріп, аспанға лаұтырып жібереді де, қайта қағып алып: Ал, шал, осылай етші дейді. Қаңбақшал сасып қайтерін білмей, тасты құшақтап, аспанға бір, тасқа бір қарап, күнімен тұрады. Сонда дәу: Е. не қып тұрсын? лақтыр дейді. Шал: Аспанға лақтырсам, аспан айналып жерге түседі ау.деп, жерге қақпай түсірсем, жер ортасынан ойлып түсе ме? деп, қауыптеніп тұрмын дейді. Сонда дәу келіп, шалдың қолынан ұстай алады да:Ақсақал лақтырмайақ қой, текке қырыламыз деп жалынып қойғызады 2 Шал үйіне келіп, кемпіріне:Ертең дәу қонаққа келеді дегенде: Ойбай немізді береміз? деп сасады кемпір. Шал тұрып: Дәудің төбесі көрінгенде мен есіктің алдында отырамын. Сонда сен оның көзінше не істеймін шал деп маған қара мен не десем соны істемекші болып пышақты алып тұра ұмтыл деп кемпіріне үйретіп қояды
Менің досым өте жақын әрі мені түсінетін сырласым ! Ол маған әр қашанда көмектесетін , тындай білетін, қателігімді әрдайын түзеуге дайын жан. Менің мұнайған кезімде ол менің көңілімді табуға барын салып , күлдіртіп жүреді ! Ол менімен өзінің құпияларымен бөлісіп екеуіміз бір бірімізге сеніммен сырласамыз ! Менің досым әлемдегі ең жақын, ең жақсы дос!
Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық.