Дара және күрделі зат есімдер
Дара зат есім
Зат есімдер құрамы жағынан дара және күрделі зат есім болып екіге бөлінеді.
Негізгі түбірден жасалған зат есімдерді дара зат есім дейміз. Мысалы: бала, оқушы, кітап.
Күрделі зат есімдерге кемінде екі немесе онан да астам түбір морфемадан құралған зат есімдер жатады. Мысалы: белбеу, АҚШ, ата – ана, күн тәртібі.
Ондай зат есімдер қазіргі қазақ тілінде төрт түрлі:
5. Біріккен зат есімдер,
6. Қосарланған зат есімдер,
7. Тіркес (құрама) зат есімдер,
8. Қысқарған зақ есімдер.
Біріккен зат есімдер.
Біріккен зат есімдерге кемінде екі түбір морфемадан бірігу арқылы жасалған зат есімдер жатады.
Мысалы: бәйтерек, бәйшешек, белбеу, көкпар, қайнаға, қолбасы, қолқанат т. б.
Қосарланған зат есімдер.
қосарланған зат есімдерге екі түбір морфемадан қосарланып жасалған зат есімдер жатады.
Мысалы: абысын-ажын, ақыл-айла, ас-су, ата-ана, бала-шаға, әл-қуат, ел-жұрт, жігіт-желең, жауын-шашын, ой-пікір, ой-қыр, отын-су, тері-терсек, ұрыс-керіс, шай-су т. б.
Тіркес зат есімдер.
Тіркес (құрама) зат есімдерге кемінде екі я онан астам түбір сөздерден әр қилы жолмен тіркесу арқылы жасалған зат есімдер жатады.
Мысалы: ауыл шаруашылығы, балалар бақшасы, кәсіп одағы, күн тәртібі, қоғамдық еңбек, сары май т. б.
Қысқарған зат есімдер
Қысқарған зат есімдерге бірнеше сөзден құралып қысқарған зат есімдер жатады.
Мысалы: ҚР, БҰҰ, ҚазМҰУ, пединститут, см, мм, га, Кб, Мб т. б.
Шырайы жарқын, кесек ойлы, жанары әрдайым жарық жұлдыздай жанып тұратын өнегелі азамат, өзіне ғана тән ұтқыр да, ұшқыр сөз тұрпаты мен ағайынның ақылшы, қамқоршысы бола білу болмысын бойында қатар ұштастырды. Ер жетіп, ес білгелі атамның ұлағатты сөздері мен үшін өмірлік азық болды. Азық болғанда көмейден өтіп, тәнге қуат бермейді, көкейіңе қонып, жүректен орын табады. Жастайымнан жадыма ақыл мен білім нәрін құйған кісінің қалжыңы мен тапқырлығы аралас әңгімелері ойыма жиі оралады.Бірде, жанымдағы жақын достарымнан көңілім қалып, атамнан:- «Дос табу оңай ма?» деп, ақыл сұрай бардым.Сонда атам: – Өзің қалай ойлайсың, жауап іздеп көрші?!- деді.- Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын,- дедім мен.Ол кісі ойымның бұрыстығын айтты.- Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Ақылдының досы аз, қасы көп, ақымақтың досы көп болғанымен жақсылығы жоқ. Жақсылығы жоқ достың қастығы аяқ астында жатады. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың, – деп ақыл айтты.