«Ел көркі – мал, өзен көркі – тал»
Бұл өмірде барлық тірі жанның өз орыны, атқаратын қызметі бар. Адамдар мен жануарлар және өсімдіктер бәрі бір-бірімен байларысты.
Адамдарды алатын болсақ: жануарлар мен өсімдіктер жоқ болса адамның күні не болар еді? Адамдар немен қоректенер еді! Адамдар жануарлар сияқты бір-бірін яғни, мықтылары әлсіздерін жей алмайды. Тірі ағзалар бірін-бірімен байланысты деген сөзге тағы бір дәлел осы.
Ал енді жануарларға келетін болсақ, жануарлар өсімдіксіз қалай өмір сүрер еді? Жыртқыш жануарлар әлсіздерін жеп өмір суре алсада, өсімдікпен қоректенетін жануарлар өмірін жалғастырмас еді.
Өмір алма кезек жалғасып өтіп жатыр. Әр қайсы өз рөлін сомдап жатыр. Бірі туылса, бірі өліп жатыр. Жануарлардың тым азайып немесе көбейіп кетпеуінің сыры осыда. Адамдар үй жануарларын жемесе, олар көбейіп кетер еді, немесе жыртқыш жануарлар қоян сияқты әлсіздерін жемесе қояндар көбейіп кетер еді. Жәндіктерменде солай оларда тым көбеймейді себебі оларды құстар азық қылады. Сондықтан "Ел көркі мал, өзен көркі тал" деп атап кеткен.
Модификация
Тіл
Бақылау
Өңдеу
Модификация(көне латынша модіфіцатіо, латынша модұс – өлшем, түр және фаціо – жасаймын) – организмнің белгілері мен қасиеттерінің (фенотипінің) сыртқы орта факторларының әсерінен генотипке байланыссыз (тұқым қуаламай) өзгеруі. Модификациялық өзгергіштікті тудырушы факторларға сыртқы ортаның температурасы, жарық, қоректену жағдайы, т.б. жатады. Модификацияға ұшырамайтын белгі не қасиет болмайды, бірақ организмнің әрбір белгісінің өзгеруінің белгілі бір шегі болады, оны өзгергіштіктің реакция нормасы деп атайды. Организмдегі әр түрлі белгілердің реакция нормасы түрліше болады. Мысалы, сиырдың сүттілігінің реакция нормасы жоғары болады, ал сүтінің майлылығы мал тұқымына тән тұрақты қасиет. Бірақ сиырды дұрыс бағып-күтсе, оның сүттілігін арттырып, сүтінің майлылығын жоғарылатуға, яғни өзгертуге болады. Ал сиырдың түсін (реңін) алатын болсақ, ол өте аз өзгереді, яғни реакция нормасы өте төмен. Модификация мутациялық өзгергіштік сияқты тұқым қуаламайды, бірақ ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Модификация организмнің онтогенез барысындағы өзгеруінің сыртқы орта факторына бейімделуін қамтамасыз етеді.