Ғаламтордың пайдасы мен зияны.
Ғаламтор пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды.
Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын. Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Алдымен пайдасын атап өтейік:
- Кез келген құжатты басып, шығару мүмкіндігі.
- Интернет желісі арқылы қалаған ақпаратты іздеп табу мүмкіндігі.
- Сонымен қатар ғаламтордың көмегімен әлеуметтік желіде жаңа достар/сырластар/сыныптастарды табу мүмкіндігі.
- Әлемнің түкпір түкпіріндегі ағайын - бауыр, достармен сөйлесу мүмкіндігі.
Дегенмен ғаламтордың пайдасы мен қатар, зияны да аз емес.
Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Желіде көп отырған көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек.
Одан кейінгі келтіретін зиян - ол уақыттың қадірін білмей, компьютерда отыратын уақытты тиімсіз пайдаланып, оның қалай өтіп кеткенін байқамай да қаламыз. Оның орнына пайдалы іспен айналыссақ болар еді. Мұны "ғаламторға тәуелділік" деп айтсақ та болады.
Сонымен қатар ғаламтордағы көптеген жағымсыз ақпарат адам психикасына да жағымсыз әсірін тигізеді.
Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын.
Дегенмен де, менің ойымша ғаламтордың зиянынан пайдасы көбірек деп есептеймін.
Батырлық туралы.
Менің ойымша, батырлық деген кең ауқымды ұғым, оны бір сөзбен айтып – түсіндіру мүмкін емес. Себебі, бейбіт заман мен сұрапыл соғыс кезіндегі батырлық екеуі аспан мен көктей екі түрлі нәрсе. Мысалға, соғыс уақытында батыр бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен келер ұрпаққа бейбіт өмір сыйлап, қасық қаны қалғанша елін, жерін жаудан қорғап нағыз батыр болған. Ол аталарымыз бен апаларымыздың жасаған ерліктері тәуелсіз Қазақстанымыздың тарихына алтын әріптермен жазылған, мысалға мен өз басым, Бауыржан Момышұлын мақтан тұтып, ол кісінің жасаған ерлігін, артынан өшпес мұра етіп қалдырып кеткен еңбектерін өте жоғары бағалаймын. «Болмасаң да, ұқсап бақ» дегендей, ата - анам есімімді Бауыржан қойғанын да мақтан тұтамын.
Ал соғыс жоқ бейбіт заманның батырлары мына біз бен сіз де бола аламыз. Мысалға, күні кеше ғана теледидардан лаулаған өртке оранған үйден сәбилерді алып шыққан өрт сөндіруші жайлы хабар көрсетті. Міне, бұл – нағыз ерлік деп білемін. Немесе, тағы бір мысал, өткен жылы жаз уақытында жолдастарыммен көлдің жағасына демалуға барғанбыз. Сонда суда жүзіп жүргенімде, кенеттен менің аяғым тартылып, еш қозғала алмай қалдым. Мұны байқаған достарым бір сәтте кідірмей суға кіріп, мені жағаға алып шықты. Бұл да – ерлік. Менің оларға алғысым шексіз.