Қырқын мінсе қыр артылмайтұғын осы бір "қырт мақтан" деген бір мақтан бар, сол неге керек, неге жарайды? Ол ар, есті білмейді, намысты білмейді, кең толғау, үлкен ой жоқ, не балуандығы жоқ, не батырлығы жоқ, не адамдығы жоқ, не ақылдылығы, арлылығы жоқ. Мойынын бұрып қойып: "Өй, тәңірі-ай, қойшы әрі, кімнен кім артық дейсің, кімнің басы кімнің қанжығасында жүр, ол менің қазаныма ас салып беріп жүр ме, мен онан сауын сауып отырмын ба?" - деп бұлғақтап, немесе: "аяғаным жаным ба? Өй, енесін ұрайын, өліп кетпей неге керек? Азар болса атылып, я осы үшін айдалып кетсем де көнгенім-ақ! Әйтеуір бір өлім бар ма?" - деп қалшылдайтұғын кісі көп қой
пар и жиі это разве глаголы? жиі - часто (наречие)
пар - пар (существительное)
Ойла.
1) Болашақта кім болатынымды ойлап отырмын. (осы шақ - нақ осы шақ)
2) Мен де біраз уақытқа дейін осылай ойлар едім. (келер шақ - болжалды келер шақ)
3) Әлия жұмыстан бізге келеді деп ойлағанбыз. (өткен шақ - бұрынғы өткен шақ)
Сал.
1) Бірінші сурет ұнамағандықтан, екіншісін салып отырмын. (осы шақ - нақ осы шақ)
2) Білім туралы қалыптасқан көзқарастарымды ортаға салмақпын. (келер шақ - мақсатты келер шақ)
3) Әлия үйге берген суретті салмады. (өткен шақ - жедел өткен шақ)
Қара.
1) Аспанға қараймын, жұлдызды санаймын. (осы шақ - ауыспалы осы шақ)
2) Ертең қарармын, қазір мүлдем уақытым жоқ. (келер шақ - болжалды келер шақ)
3) Мені алғаш тастап кететін кезінде де солай қараған еді. (өткен шақ - бұрынғы өткен шақ)