Шығарма
Батырлар.
"Батыр туса — ел ырысы,жаңбыр жауса — жер ырысы" деп дана халқымыз айтқандай,батыр - халық үшін мақтаныш,арқа сүйейтін қаһарманы.Әсіресе,батырды қазақ халқы ерекше қастерлей білген.Оларды жоғары дәрежеде ұлықтаған.Халық ауыз әдебиетіндегі Алпамыс,Қамбар,Қобыланды батырлар және Абылай сұлтан,Қабанбай,Бөгенбай,Баяндар өз кезегінде жауға өздері қарсы тұра білген ержүректілер.Сол жаугершілік замандарда "батыр - әскери өнерге машықтанған,майданда ерлігімен танылған өр тұлға" деп саналған.
Сан тараулы тарихымызда батырларымыз ақын-жырау да бола білген.Мысалы,Қазтуған,Жиембет, Махамбет,Шернияз ақын-жыраулар.Олар жаумен айқасып қана қоймай,әскерлеріне рух беріп отырған.Ұлы Отан соғысы кезінде кеудесін фашистерге қорықпай тоса білген батырлар жетерлік болған.Бауыржан Момышұлы,Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова,Хиуаз Доспановалар жаудың Төлеген қаруларына қарамастан батылдықтарымен,өзіндік тактикаларымен батырлық көрсеткен.Отан үшін жандарын пида еткендердің бірегейлері болды.1989 жылдың желтоқсанында қазақ жастары Алматының орталық алаңында жиналып қайсарлықтарын көрсетті.Қайрат,Ләззәт сынды бозторғайларымыз елдік үшін қыршыннан қаза болған еді.Жамбыл Жабаев:
Отанға берген анты бар.
Әскерлердің қорғайтын
Бақытты құрыш халқы бар,
Жалындатып жігерін
Жаудан аман өз елін
Сақтауға берген анты бар, - деп қазақ даласының әр батырына арнап жырлағандай.
Қазіргі таңда батыр болу үшін әскери өнер керек те емес.Жаңалықтардан,газет-журналдардан адамдарды өрттен,судан құтқарып қалғандарды батыр дей аламыз.Қай-қай батыр болсын Отан үшін қаза болады."Ақынның хаты өлмейді,батырдың аты өлмейді" демекші,олардың есімдері мәңгі жадымызда қалсын!
Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн. адам қайтыс болады екен. Бүгінде жер шарында 1,2 млрд. адам темекі шегетін көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойнша 1997 жылы темекіден 3 млн. адам көз жұмған болса, бұл көрсеткіш жыл сайын 33 пайызға өсіп отырған. Ал, Қазақстанда қазіргі уақытта 5 млн.-ға жуық адам темекі шегеді екен.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне жүгінсек, егер жағдай өзгермесе, онда таяу жылдарда жарты миллиард адамның түбіне темекі жетуі мүмкін көрінеді.
Темекі тартатын адам күніне орта есеппен 200 рет, айына 6 мың рет, жылына 72 мың рет ішке түтін сорады. Қызығы сол, темекі шегуді о баста «ойнап» бастаған 100 адамның 80-і бірітіндеп тұрақты шылымқорларға айналады. Қазір темекінің мыңнан артық зияны бар екені мәлім болып отыр. Сондықтан, темекі шекпейтіндер оған жоламай-ақ қойсын, шылымқорлар одан құтылудың жолын қарастырсын.
Темекі – адам денсаулығына қауіптілігімен қатар өзіне тәуелді ететін өнім. Ашығында темекіні тастау адамның мықты ниетіне, ерік-күшіне, сабыр төзіміне көп байланысты. Әсілінде, адамдардың нәпсісіне тыйым сала білетін ең тамаша уақыт – ораза ұстайтын Рамазан айы. Ораза ұстаған адамның күні бойы темекі тартпағанына қарағанда, біраз сабыр көрсетіп, басқа кездерде де осы күйін жалғастырса, бір ай ішінде темекі дертінен құтылуға болады