Ит жақсылықты ешқашан ұмытпайды. Ит қиындықтарға төзімді, сондықтанда кейбір еңбекқор адамдарды "Өзі бір итжанды" екен деп теңейді. Қазақта бір істің сәті түсіп, жақсы орындалса"Сабақты ине сәтімен", - деген осы деп қуанады. Оқу оқып,білім алу оңай емес, ол инемен құдық қазғандай. Көз қорқақ, қол батыр, сондықтан әрбір істі қорықпай баста, жігерлі бол. Ол бір көз көрмейтін, құлақ естімейтін жерге кетті.
Мен 25 жыл әскерде болдым.біле білген кісіге бұл үлкен университет.осы 25 жылдың ішінде талай кездестім,сабақ алдым.талай генералдың қол астында жұмыс істедім,тәрбие алдым.өйткені командир деген әскери педагог қой. мен осы 25 жыл ішінде қарамағымда болған, үстеріне шинель киген солдаттар арқылы барлық халықтардың жанын ұқтым деп ойлаймын.отан үшін өз басымды өлімге байлай отырып,мен оларды ажалмен алысуға жұмсадым.олардың өлмеуі үшін, өз ұрпақтарын, өз халықтарының намысын, оның өздері сүйетін асыл қасиеттерін аман сақтап қалу үшін қасықтай қаным пида деп жанып тұрған отқа талай түстім.өз халқын құрметтеп,сүймеген опасыз,оңбаған .өз елінің бағасын білген ғана басқа елді қадірлей алады.өйткені халықтардың туыстығы алдымен ң өз халқына сүйіспеншілігіарқылы ғана келеді.мен өзге ұлттарды құрметтеуші,өз ұлтын сүюші!
Тіл - ұлт байлығы. Әр ұлт өз тілін қадірлейді, сыйлайды және болашаққа, келешек ұрпаққа аманат ретінде жеткізіп отырады. Тіл - ғасырлар бойы әр ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа берілу арқылы жинақтаған бағасы жоқ мәдени байлығы. Біздің отанымыздың тілі – қазақ тілі. Қазір қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі. Ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі – республикадан тыс елдерде тұрып жатқан қазақтардың тілі. Қазіргі таңда жер бетінде 13 миллионға жуық қазақтар өмір сүреді. Қазақ жазуы 1929 жылға дейін араб графикасын, ал1929 жылдан 1940 жылға дейін латын алфавитін қолданған. Одан бері қарай орыс графикасын қолдануда. 1989 жылы “Тіл туралы заң” қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесін алды. Кейін 1993 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында бекітілді. Мемлекеттік тіл – мемлекеттік рәміздердің бірі болып табылады. Мемлекеттік тіл – Қазақстан Республикасының әрбір азаматынан іс қағаздарды мемлекеттік тілде жазуын талап етеді. Әрбір ұлттық мемлекетте мемлекеттік тіл – ол елдің мақтанышы. Өйткені мемлекеттік тілде мемлекеттік дәрежеде маңызы бар құжаттар жазылады.