М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Aigerim800
Aigerim800
05.01.2021 10:02 •  Қазақ тiлi

''достықты сақтаудың жолдары '' эссе

👇
Ответ:

Достықты сақтаудың жолдары.

Дос адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді. Ал достық дегеніміз - адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сақтай білу өте маңызды. Себебі әрқайсымыз достыққа мұқтажбыз, ол ешқашан көптік етпейді.

Нағыз, адал дос өмірде орын алатын түрлі сәтсіздіктерге мойымай, басқа түскен ауыртпалықтарды бірге көтеруге жәрдемдесіп, қуаныш пен шаттық күндерді бөліседі.

Менің ең жақын досымның есімі – Аружан. Екеуміз ата – аналарымыз арқылы танысқан болатынбыз – біздің аналарымыз мектептен бері жақын құрбылар. Енді міне сол достықтары бүгінгі күнге шейін ұласып, өз балаларында жалғасын тапты. Біздің достығымыздың өзі он жылға жуық жалғасып келеді, Аружан екеуміз осы уақытқа дейін еш ренжісіп көрмеппіз, себебі менің құрбымның мінезі сабырлы, байсалды, бәрін ақылмен шешуге тырысады, ашуға жол бермейді. Бірақ бір ренжіген соң қатты ренжиді. Сондықтан мен оның көңілін қалдырмауға тырысамын.

Яғни, достықты сақтау үшін мен, ең алдымен, досымның көңілің қалдырмауға тырысамын. Сонымен қатар, достықты сақтау үшін адал болу маңызды деп ойлаймын, себебі, менің ойымша, шын достардың арасында ешқандай құпия мен сыр, өтірік пен өсек болмау керек. Және тағы бір маңызды шарт – достар арасында өзара сыйластықтың болуы. Өмірде адал дос табу қиын болғандықтан, достық қарым – қатынасты сақтап, бағалай білу керек!

4,6(71 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Ясте
Ясте
05.01.2021

егер сіз жақсы ойласаңыз, онда ештеңе істей алмайтын адамдар. Жоқ, Мен сені қорламаймын, мен сізге аудармашы арқылы жазамын. Бірақ ойлан сам , сен аласың қашуға жауап. Ерте ме, кеш пе проблемаларды өзіңіз шешуге тура келеді. Өкінішке орай, Мен қазақ тілін білмеймін ,бірақ фразеологизмдер, бұл бейнелі мағынасы бар сөздер. Мысалы, өрнек: Васка тыңдайды және жейді.Мағынасы: сендіру мен ескертуге мән бермейтін және өзінің (әдетте айыптайтын) ісін жалғастыратын адам туралы. Сори-бұл Мен сізге көмектесе алатын барлық нәрсе.

4,4(84 оценок)
Ответ:
Dinka1597
Dinka1597
05.01.2021

Отбасы — сыйластық , жарастық орнаған орта, кішкентай Отан.

«Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас!

Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.

Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын , ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.

4,4(81 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ