Монолог.
...Бүгін мен бір түс көрдім. Қара сақалды, ақ шапаны мен айыр қалпағы бар ақсақал келіп үнсіз екі алақанын көрсетті. Бірінде – ат басындай алтын, екіншісінде – "Абай жолы", "Әдебиет танытқыш", "Тіл білімі" сынды 5 кітап тұр. Мен бардым да кітаптар тұрған алақанға қолымды создым. Қарт кенет жоқ болып кетті. Ал мен көзді ашып жұмғанша әдебиеттану және тіл білімінің ғалымы атандым. Қара қылды қақ жарған шешендігім де бар екен. 100 адам мен қорғап жатырған жобаға құлақ салды. Үйіме келсем әлгі 5 кітап 50 кітапқа өсіп, сөреде тізулі екен.
Иә, армандаған, оны мақсатқа айналдырып, оған қол жеткізу – ең үлкен бақыт. Ал мен өз бақытыма жетуім үшін көп еңбек пен ізденісті артқа тастап, талай кітапты ақтаруым керек деп түйдім. Жасымашы. Алға! Дегеніңе жетесің. Тек ерінбе, ізден!
Бақытты отбасы дегенде көз алдымызға қамқор әке,аяулы ана және бақытты сәбилер елестейді.Иә,шынындада солай.Менің ойымша,отбасының бақыты үшін көп нәрсенің қажеті жоқ. Бұл үшін жанұя мүшелерінің сыйластығы, махаббаты, бір-біріне деген құрметі мен сүйіспеншілігі болса жетіп жатыр деп ойлаймын.
Менің де отбасым ең бақытты жанұя. Себебі қасымда қорған болар әкешім, әлемдегі ең мейірімді жан – анашым бар. Кез келген уақытта қысылмай көмек сұрай алатын, мен дегенде жаны бөлек бауырларымның ортасындамын. Мен ең бақытты отбамымын.Және де бақытты отбасы дегенді осылай елестетемін.