М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
sofizlatich
sofizlatich
01.04.2020 04:56 •  Қазақ тiлi

Фразеологизмдерді катыстырып , мәтінді өздерің аяктандар . өміріндегі ең қадірлі нәрсе - сүйіпеншілік . сүйіспеншілікті қарапайым сөзбен айтын жеткізе валу мүмкін емес , зоны іспен ғана білдіре аласың

👇
Ответ:
toly22
toly22
01.04.2020

Фразеологизмдерді қатыстырып , мәтінді аяқтау. Сүйіспеншілік – тіршіліктің негізгі тірегі.  Жалпы, менің ойымша, сүйіспеншілік – жақындарымызға, қоршаған ортамызға, бір сөзбен айтқанда, барша әлемге махаббатпен қарау. Сүйіспеншілік ұғымының аясы өте кең. Айналамыздағы келеңсіз жағдайлар мен етектен алған кезде көмектесетін де осы сүйіспеншілік. Бар жан дүниесі, жүрегі сүйіспеншілікке толы жан ешқашан жамандық ойламайды, ешкімнің ала жібін аттамайды, себебі ол бақытты жан, оның рухы кемелдік көгінде қырандай қалықтап, мәңгіліктің жасыл жайлауына қанат қағады. Мұндай көңілі көктем, жайсаң жандар осы бақытымен барша әлеммен бөліскісі келіп, жүректері алып – ұшып тұрады. Осындай асыл жандар тек жақсылық ойлап, игі істермен айналысып, айналасына мейірімін төгіп, көңіл нұрымен шуақтандырып тұрады. Жүрегі сүйіспеншілікке толы жандар жанымызды жылытып, өмірімізге сән береді.  

Сүйіспеншілікті адам алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап сезіп-көре бастайды. Мейірімін төккен ата-анасының ыстық құшағында олардың аялы алақанын сезіне жүріп, өмірге төселеді. Есейе келе толағай сүйіспеншілікті айналасынан көру-көрмеуі екіталай. Әйтсе де, адам өмір бойы сүйіспеншілікті іздеп, дауыл алдындағы шағаладай шарқ ұрып өтері анық. Ендеше, сүйіспеншілікті өмірлік ұстанымызға айналдырып, барлығымыз бақытты болайық!

4,5(53 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Shkolnik1ZloI
Shkolnik1ZloI
01.04.2020

Ұлы Жібек Жолы – Қытай жерінен басталып, Қиыр Шығыс пен Еуропа елдеріне беттеген керуен жолы. Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті.

Жібек Жолы б.з.д III ғасырда сауда магистралі ретінде пайда болып, XVI ғасырға дейін қызмет етті. Жібек Жолының бойында орналасқан көне қалалар бірталай соғыс, өрт, аштық, апат-ойрандардың куәсі болды.

Ұлы Жібек Жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай, Шығыс пен Батыс өркениеті тоғысып, мәдениет және дипломатиялық қарым-қатынас орнады.

4,7(9 оценок)
Ответ:
настя7579
настя7579
01.04.2020

"Қызыл кітапқа" енген жануарлар

- Сәлем

- Сәлем

- Сіз "Қызыл кітап"деген не екенін білесіз бе?

- Иә

- Ол не үшін қажет?

- Осы кітапқа жануар түрлері вымирающих, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер

- "Қызыл кітапқа" қандай жануарлар енгізілген?

- Қызыл қасқыр, манул, қарақал, ақбөкен, қар барысы және сілеусін

- Онда қандай өсімдіктер бар?

- Емен, сноуборд.

- "Қызыл кітап"не үшін қажет деп ойлайсыз?

- Бұл адамдар табиғатты қорғай бастауы үшін қажет. Жануарлар мен өсімдіктердің өлімін болдырмау.

- Жақсы, әңгімеңізге рахмет. Барлығы жақсы

- Барлығы жақсы.

Перевод:

- Привет

- Привет

- Ты знаешь, что такое "Красная книга"?

- Да

- Для чего она нужна?

- В эту книгу занесены виды вымирающих, редких животных и растений

- Какие животные занесены в "Красную книгу"?

- Красный волк, манул, каракал, сайга, снежный барс и рысь

- А какие растения в ней есть?

- Дуб, подснежник.

- Как ты считаешь, для чего нужна "Красная книга"?

- Она нужна для того, чтобы люди начинали оберегать природу. Чтобы предотвратить гибель животных и растений.

- Хорошо за беседу. Всего хорошего

- Всего хорошего.

4,6(9 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ