М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Swetlana11111
Swetlana11111
22.02.2023 04:23 •  Қазақ тiлi

ответить на вопрос! только кратко қазіргі заман қандай болу керек? ☺

👇
Ответ:
кирюха6677
кирюха6677
22.02.2023
Қазіргі заманда адам ақылды болу керек. Себебі, қазіргі заман өте жақсы дамыған. Мысалы біз, соңғы ұрпақпыз. Біз сол Қазақстаның потриоттармыз. 
4,8(23 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
nusikz
nusikz
22.02.2023

XIX ғасырдың жиырмасыншы жылдарына қарай патша үкіметі Қазақстандағы хан билігін жоятын уақыт келіп жетті деген қорытынды жасады. Бұған салмақты негіздер де, қажетті бірқатар алғышарттар да жеткілікті деп санады.

Біріншіден, қазақ хандары дала тұрғындарының басым көпшілігінің алдында өздерінің беделінен айырылып қалды. Жергілікті байырғы халық патша үкіметі тағайындаған хандарды баяғыдай дербес ел басқарушылар деп емес, көбінесе Ресей империясының кәдімгі көп шенеуніктерінің бірі ғана деп қабылдады. Оның үстіне, тап сондай дәрменсіз билеушілердің саны да көбейіп бара жатты. Патша үкіметі әр жүздің (Кіші жүз бен Орта жүздің) бұрыннан бар хандарының қатарына жаңа хандарды қосып отырды. Мәселен, 1812 жылы Кіші жүздің Жайықтың оң жақ бетіндегі қазақтарға Бөкей сұлтан өз алдына жеке хан болып шыға келсе, 1815 жылы Орта жүзде Уәли ханмен қатар және Бөкей сұлтан да хан болып тағайындалды.

Екіншіден, бұл кезде патша үкіметі Кіші жүзді де, Орта жүзді де бірнеше әкімшілікке бөлшектеген еді. Мұның өзі патша үкіметінің көшпелі қазақтарды басқаруына өте қолайлы болып шықты. 1788 жылы Ертіс бойындағы қазақтардың сұлтан Сұлтанбек басқарған бір бөлігі Ертіс өзенінің оң жағында «мәңгілік көшіп-қонып жүру» құқығына ие болды. Сөйтіп Орта жүз бірі Ертістің оң жағалауы, екіншісі Ертістің сол жағалауы болып екіге жарылды. 1801 жылы Жайықтың оң жағалауында Кіші жүзден бөлінген Ішкі Орда құрылғанын айттық. Оның үстіне, 1808 жылғы ашаршылық кезінде Кіші жүздің 20 мыңға жуық қазағы башқұрт кантондарының аумағына уақытша көшірілді. Бір кездегі біртұтас жүздердің арасында ендігі жерде ешқандай да еркін байланыс жасау мүмкіндігі қалмады, өйткені ондай байланыс жасауға қатаң тыйым салынды.

4,4(44 оценок)
Ответ:
Пиирмвп
Пиирмвп
22.02.2023

«Көргенімді айтайын ба, әл­де естігенімді айтайын ба?». Бұл сөз біздің бала кезімізде – су­реті өшіріліп, сұлбасы ғана есте қал­ған сонау бір мың да тоғыз жүз қырқыншы жыл­дар­дың ішін­де жиі айтылатын. «Көргеніңді айтсаң – көз алдыңнан өткізгеніңді айтқа­ның. Естігеніңді айтсаң, ара­сын­да қос­пасы да жүретіні хақ. Ендеше, көргеніңді айт», деп түйіп тастай­тын сонда ауыл үлкендері. Ол кезде көрген мен есті­геннің арасы жер мен көктей деп ойлайтынбыз. Қазір бұл екеуі­нің бірінен бір­і­нің айыр­машы­лы­ғы бол­май кет­ті ғой. Көр­ге­ніңді ес­ти­сің, ес­ті­ге­нің­ді көресің. Тіп­­­ті, кө­ріп оты­рып ес­ти­сің, естіп оты­рып көре­сің. Заман сондай. Өз­гер­ген, кемеліне келіп то­лыс­қан заман­ның қуаты, құдіреті солай. Қазіргі техно­ло­гия­ның, тех­ни­калық алға ұмтылыс­тың ең ба­сында осы өзіміз білетін те­ле­­ди­дардың тұрғаны анық. Өйт­­кені, жаһанда не боп жатқанын лезде естисің. Жә­не де теледидар жоқтан бар жа­сай­д­ы. Өнер­паз еместі өнер­лі қып көр­сетеді. Қа­зақ­ша айт­қан­да, ерін­­­бегенді етік­ші, ұялмағанды әнші қылады. Әнші дегеннен шығады, біз­дің қазақ әнмен егіз жаратылған халық. Абайша айтсақ, дүние есі­гін әнмен ашып, жер қой­ны­на әнмен кіру пешенемізге жа­зыл­ған елміз. Күлсек, әнмен сақ-сақ кү­ліп, жыласақ, әндетіп жылаған елміз. Тіршілігіміздің бар тыны­сы, бар тармақ-тарауы әнмен ас­тасып жатады. Әнсіз өмір жоқ. Содан да ғой, өмірімізді ажар­лан­дыру үшін телеарналар неше түрлі жоспарлар жасап, жаңа жобаларды ойлап тауып жатады. «Қымызхана», «Ал­ты­бақан», «Ұят болмасын»... сияқты жобалар. Бәрі де әнмен өрнектеліп, әнмен өріліп жатады. Тіпті, қазір ән аралас­пайтын, килікпейтін жер жоқ. Мұның өзі бір жағынан әннің қадірін түсіріп, құнын кемітіп бара жатқан сияқты. Бертінде ғана бақилық болып кеткен атақ­ты әншіміз Роза Бағланованың, осыдан тоғыз-он жыл бұрын болуы керек, теледидар тілшісіне берген бір сұхбатында қазіргі ән айтатындар туралы «тыртаң­даған әншілер» деп осы күнгі тал­ғамсыз әріптестерін бір қа­ғы­тып өткені бар еді. Зама­ны­мыздың бұлбұл әншісі Бибігүл Төле­гено­ва да осы биыл қазіргі әншілерді әнші деп емес, «ән орындаушы» деп бағалайтынын ашып айт­қанын өз құлағы­мыз­бен естідік. Мұны неге айтып отырмыз? Әннің қадірін түсіріп алмайық деген оймен айтып отырмыз. Қазақ әнмен өсіп, әнімен асқақ­та­ған ел. Бірақ «әннің де естісі бар, есері бар» деп оны бағалай да білген халық. Сонда әннің естісі қандай болуы керек? Есті ән ұйықтап жатқан жүректі оя­тады, жүрек қылын тербеп, адам­ға неше түрлі ой салады. Есті ән адамды қанаттан­дырады, жүрегін ізгілікке бөлейді. Жақсы әннің әсерімен қуатыңа қуат қосып, өзгеше бір рахат күй кешер кезің болады. Жақ­­сы әннен өзіңше бір сыр тың­дап, ләззат табасың. Жақсы ән айтып тұрған әншіні өзіңе жақын тар­тып, оны ерекше жақ­сы көріп кет­кеніңді бай­қамай да қаласың. Ән көңілді ғана ажар­лан­дырып қоймай, адам мен адам­ды жақын­датады, адам абы­ройын биіктетіп, атын асқақ­та­та­ды. Ән арқы­лы бірін-бірі танып, ән арқылы достасып кеткен адамдар қан­ша­ма, ән арқылы біріне-бірі ғашық болып, табысып жатқандар да аз емес. Соның бәрі ән құдіретінің арқасы деу керек. Ән көптің күш қосып бірігуінен туатын жалпылама өнер емес, жеке тұлғалардың ілуде біреуіне ғана қонатын жалқы өнер, дара қасиет. Сондықтан ән қасиетін ұға білген арғы ата-бабаларымыз ән­ші­лерді жеке-жеке бағалап, әр ән­шінің дары­нын жеке-жеке тани білген. Әр әншінің өз биігі, өзін­дік ән айту ерекшелігі болатынын та­ны­ған. Аспанға өрлетіп, асқақ­та­та салуы­на қарап Біржанның, бабы­мен қа­лықтатып, сыңғырлай шық­қан сұлу

Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz: https://egemen.kz/article/13214-an-turaly-oylansaq

© egemen.kz

4,5(82 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ