М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
RomashechkaRomova
RomashechkaRomova
09.10.2022 16:08 •  Қазақ тiлi

Напишите диалог на тему великий шелковый путь на казахском

👇
Ответ:

Ұлы Жібек жолы туралы диалог.

Алмасбек: Аспандияр, сен Қазақстандағы көне қалалар жайлы естуің бар ма?

Аспандияр: Ия, достым, кезінде Ұлы Жібек жолының бойында Түркістан, Тараз, Отырар секілді қалалар орналасқан болатын. Жай сұрадың ба?

Алмасбек: Мен оқушылар сарайында «өлкетану» үйірмесіне қатысушы едім ғой, есіңде ме? Сол үйірменің жетекшісі мен қатысушыларымен бірге келер демалыста «Ұлы Жібек жолы бойындағы Қазақстанның көне қалалары» атты үш күндік сапарға аттанамыз.

Аспандияр: Қандай керемет! Әттең, мен де сол үйірмеге қатыспаппым, әйтпегенде менің де бұл сапарға аттанғым келетін еді. Тарихи деректерге толы, маңызды сапар болатын сияқты.

Алмасбек: Ия, мен де солай ойлаймын. Сондықтан қазірден кішкене болса да дайындалып, қосымша мәлімет жинап жүрмін.

Аспандияр: Оның дұрыс екен. Менің ойымша, Ұлы Жібек жолының ерекше маңызы болды. Ұлы Жібек жолы тек тұтыну тауарларын ғана жеткізіп қойған жоқ, сонымен қатар ол рухани мәдениеттің тірегіне айналды.

Алмасбек: Толықтай келісемін. Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар саяси, экономикалық, мәдени жағынан дамыды. Мысалы, сол тұста Тараз қаласы «саудагерлер қаласы» деп аталды. Себебі Тараздың жүрегі – мешіттері, керуен сарайлары, наубайханалары мен шеберханалары сауда жолында орналасқан болатын.

Аспандияр: Сәтті сапар тілеймін! Жақсы, әрі жемісті демалыс болсын!

Алмасбек: Рахмет, келген соң қалай өткенін айтып беретін боламын.

4,4(51 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
maksimbrykin2017
maksimbrykin2017
09.10.2022
Қыс - қиял-ғажайып маусым. Айқын аяз ауа райын көшеде және қар жауатында маған жағады. Терезелерде таң қаларлық суреттер көрiнiп қалады. Қашан бәрiсi айнала, сен қысқы ертегiге түскенiңдi болып көрiнген ақ болады. Қыс шамамен сырғанақ тебуге, шаңғы, қардан жасалған қар лақтырып ойнап жапсыруға болады. Қыстыгүнi күштi аязды көшеде қашан, онда тiптi болмаса бастапқыда үйден күткiсi келедi. Дегенмен қашан қар басқан көше бойымен жүресiң, аяқтардың асында қар ал көңiлдi сықырлатады, жүрекке осылай қуанышты болады! Басы мұндай ауа райына - бiр жерде ұзақ тұрмау. Қашан қозғайсың - жүрiп, жүгiрiп, шамамен сырғанақ тебесiң - мүмкiн емес тоңады! Бiз қаңтарда өзiмiз қызықты мерекелердi белгi саламыз - жаңа жыл және рождество. Бұл уақытқа бәрi жақын және достар жиналады, ана ал дәмдi тағамдарды дайындайды. Барлық пәтерлердiң терезелерiндегi қысқы мерекелерiнiң уақытына түрлi-түстi шырақтар жыпылықтайтында маған жағады. Өзi жағымды жаңа жылғы мерекелерде - сый сыйлап алу. Ертерек менi олардың аяз атаны мұрынның алдындағиюын сендiм, және хаттың онына жазды. Дегенмен...
өзің дұрыстап ал
4,7(100 оценок)
Ответ:
мили241
мили241
09.10.2022

Тәуелдік жалғау – сөзді қатынасқа түсіретін қосымшаның бір түрі. Тәуелдік жалғау заттың біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді ( меншікті) екенін білдіреді. Тәуелденетін зат 3 жақтың біріне меншікті болып тұрады. Сол себепті,тәуелдік жалғауының 3 жағы және әр жақтың өзіне тән жалғаулары болады. Мысалы:

Жекеше түрі

І жақ–ым, -ім, -м

ІІ жақ-ың, -ің, -ң

-ыңыз,-іңіз,-ңыз,-ңіз

ІІІ жақ-сы, -сі, -ы, -і

Көпше түрі

І жақ-мыз, -ымыз, -міз, -іміз

ІІ жақ – тарың, -терің, -дарың, -дерің, -ларың, -лерің

-тарыңыз, -теріңіз, -дарыңыз, -деріңіз, -ларыңыз, -леріңіз

ІІІ жақ-сы, -сі, -ы, -і.

Тәуелденудің екі түрі бар:

Оңаша тәуелдену – бір немесе бірнеше заттың бір ғана затқа меншікті болуын білдіретін тәуелдену. Басқаша айтқанда, заттың жекеше түрде тәуелденуі. Мысалы, Менің үй-ім, Сенің үй-ің, Сіздің үй-іңіз, Оның үй-і.

Ортақ тәуелдену – бір немесе бірнеше заттың көп затқа меншікті болуын білдіретін тәуелдену. Басқаша айтқанда, заттың көпше түрде тәуелденуі. Мысалы, Біздің үй-іміз, Сендердің үй-лерің, Сіздердің үй-леріңіз,  

Олардың үй-і.

Тәуелденген сөз үнемі ілік септігіндегі сөзбен тіркесіп келеді. Мысалы, Мектептің алды. Кейде бұл тіркестегі ілік септігінің жалғауы жасырын тұрады (Мектеп алды). Біздің,сіздің сөздерімен тіркескен сөздің тәуелдік жалғауы кейде түсіп қалады. Мысалы, Біздің ауылымыз – біздің ауыл, сіздің үйде т.б.

Ескерту: Кейде ілік септігіндегі жіктеу есімдіктері айтылмайды. Мысалы, Менің сөзімді тыңда – сөзімді тыңда.

3-жақтағы тәуелдік жалғауы заттың 3- жақтағы адамға қатысты екенін білдіреді. Мысалы, оның қаламы, және заттың басқа бір затқа қатысты екенін білдіреді. Мысалы, сыныптың есігі.

4,6(68 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ