Отбасы татулығы мен үйлесімділігі ата-ана мен бала және ерлі зайыптылардың арасындағы сүйіспеншілік сезімімен тығыз байланысты. Ата-ана мен бала және ерлі-зайыптылар қатынасында өзара түсіністік, сыйластық, көмек тек қана отбасы мүшелерінің арасында сүйіспеншілік сезімі болғанда ғана бақытты жандардан тұратын отбасына айналады. А. Некрасов өзінің «Материнская любовь» еңбегінде отбасындағы татулық, үйлесімділік көбіне ананың еншісінде деп есептейді. Осы автордың ойынша көптеген жастар «махаббат» пен «ғашық» болу сезімін шатастырып, отбасын құрады және бірден дүниеге сәби әкеледі. Ғашықтық сезім – өткінші сезім, ол әркімде әр түрлі уақытқа созылады. Сондықтан ғашық болған жастар 1-2 жыл жақсы достар болып кездесіп жүріп, сол уақыт аралығында араларында тек түсіністік, бірі болмаса екіншісіне өмір мәнсіз көрініп, ал бірге болғанда бүкіл дүниеде тек екеуі ғана бар, осы адамнан басқа ешкімді қаламайтындай, байқамайтындай сезім болғанда жастар отбасын құруға, дүниеге сәби әкелуге шешім қабылдаса, олар өмірде кездесетін барлық қиындықтарды бірге көріп, бірін-бірі қолдап тату-тәтті өмір сүрер еді
Объяснение:
Во
Менің отбасым
Отбасы - адам өміріндегі ең маңызды нәрсе. Отбасы қиналғанда қайғыңмен қуанғанда қуанышыңа ортақ болатын, аяулы жандар. Отбасының тірегі - сүйіспеншілік, бірлік және сенім. Отбасы жоқ адам, қанатсыз құспен тең. Ал бірін - бірі сыйлап, бірін - бірі сүйіспеншілікке бөлеп, отырған отбасы бар адам өте бақытты жан.
Мен бақыттымын! Себебі менің отбасым қасымда. Мен өз отбасымды үлгі тұтамын және мақтанамын. Менің асқар таудай әкем мен алтын анам бар. Біз үлгі тұтарлық отбасымыз. Бұлай деуімнің себебі, біз әрдайым сыйластықпен және бауырмашылдықпен бірге қиындықты жеңеміз. Мен отбасымның осы қалпынан тоймай, бақытты ғұмыр кешкенін қалаймын!
Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы туралы өз пікіріңді айту. (ПОПС формуласын пайдаланып, салыстыру арқылы).
1. Менің ойымша, Ұлы Жібек жолының ерекше маңызы болды. Ұлы Жібек жолы тек тұтыну тауарларын ғана жеткізіп қойған жоқ, сонымен қатар ол рухани мәдениеттің тірегіне айналды. Ол әсіресе музыка, би өнерінде ерекше байқалады. Ұлы Жібек жолының ең ұзақ бөлігі Орта Азия мен Қазақстан территориясы арқылы өтті.
2. Себебі, мен оны былай түсіндіремін: сол кезде сауда – саттық жақсы дамып, базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды. Адамдар, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық – түлік және басқа да заттармен алмасты.
3. Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын: Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар саяси, экономикалық, мәдени жағынан дамыды. Мысалы, сол тұста Тараз қаласы «саудагерлер қаласы» деп аталды. Себебі Тараздың жүрегі – мешіттеру, керуен сарайлары, наубайханалары мен шеберханалары сауда жолында орналасқан болатын.
4. Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім: Ұлы Жібек жолы - дүниежүзілік өркениет тарихының басты жетістіктерінің бірі. Ұлы Жібек жолы Батыс пен Шығысты байланыстырған трансконтинентальды трасса болды.