М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
nastya123litvin
nastya123litvin
25.05.2022 22:56 •  Қазақ тiлi

Тал шарбаққа мал сақтап, тас қалаға жан сақтап, тасқан екен мына хан! арқаға қарай көшермін, алашыма ұран десермін, ат құйрығын кесермін, ат сауырын берермін, алыста дәурен сүрермін.

👇
Ответ:
БеднаяЕва
БеднаяЕва
25.05.2022
Еңсегей бойлы ер есім, есім, сені есірткен есіл де менім кеңесім. ес білгеннен, есім хан, қолыңа болдым сүйесін, қолтығыңа болдым демесін. ертеңгі күн болғанда, елің кеңес құрғанда, айналып ақыл табарға есіктегі ебесін, сонда, ханым, не десін? ! мен жоқ болсам, есім хан, ит түрткіні көресің. жиембет қайда дегенде, не деп жауап бересің меніменен, ханым, ойнаспа, менің ерлігімді сұрасаң, жолбарыс пенен аюдай. өрлігімді сұрасаң, жылқыдағы асау тайыңдай. зорлығымды сұрасаң, бекіре менен жайындай. беріктігімді сұрасаң, қарағай менен қайындай. көруші едім, есім хан, ханымды күнім, сізді айымдай. сырым саған түзу-ді садаққа салған бұлыңдай. жұмыскерің мен едім сатып алған құлыңдай. жүруші едім араңда өзіңнің інің менен ұ мен, өлсе, құнсыз кетер деме сен кешегі өзіңнің ұрып өлтірген тілеуберді құлыңдай! тілеуберді құлың мен емес, мұның, ханым, жөн емес. менің ер екемді көргенсің, әуелден бірге жүргенсің, дегенімді қылғансың, қайратымды білгенсің. ағбытпа, ханым, күннен соң, сіздің естен кеткенмен, біздің естен кеткен жоқ: қалмақтың бөрі ханы келгенде, соқыр бурыл байталға сонда бір жайдақ мінгенсің қалмақтың бөрі ханы келгенде, қаланың қасы бүлгенде, хандар қалаға қылаған, сұлтандар суға сылаған, қаз мойынды ханшаңыз қалада тұрып жылағ тал шарбаққа мал сақтап, тас қалаға жан сақтап, тасқан екен мына хан! қайрылып қайыр қылуға қылығың жоқ ұнаған. қайратым қанша қайтса да, мұныңа, ханым, ! арқаға қарай көшермін, алашыма ұран десермін, ат құйрығын кесермін, ат сауырын берермін, алыста дәурен сүрермін, қарамасаң, ханым, қарама, сенсіз де күнімді көрермін! әмірің қатты есім хан, бүлік салып, бұйырдың басын бер деп батырдың - қанын ішіп қанбаққа, жанын отқа салмаққа. атадан жалғыз мен емес, хан ие, ісің жол емес. жолбарыстай жолымбет құрбандыққа қол емес. жол тосып, алып кетіпті қалмақтан алмақ сыйыңды. қаһарыңды басқалы қалың елім жиылды. бастап келген өзге емес, жиенбет сынды биің-ді. малын салып алдына, әр саладан құйылды, он екі ата байұлы бір тәңірге
4,8(59 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Dhgfhdudv
Dhgfhdudv
25.05.2022
Байындыр немесе Баяндыр хан Қоррқыт ата кітабынан алынған. Қорқыт ата кңтабын 8-ші ғасырларда және одан да бұрын туған аңыздардың жинағы десе де болады. Оларды жыр түрінде жазған Қорқыт ата.
Баяндыр хан той жасап, аттан айғыр, түйеден бура, қойдан қошқар сойғызады.
Бір жерге қара отау, бір жерге ақ отау, бір жерге қызыл отау құрғызады;
 Кімнің ұлы,қызы жоқ болса, қара отауға қондырғын, астына қара киіз төсегін, астына қара киіз төсегін, қара қойдығ етін жесе жесін, жемесе тұрып кетсін!-деді.
Ұлы барды ақ отауға;
Қызы барды қызыл отауға қондырғын!-деді.
Ұлы,қызы болмағанға Алла Тағаланың қарғысы тиген, біз де қарғауымыз керек, бәрі білсін,-деді.
Тойға артынып- тартынып келген Дерсе хан ,қара үйге отырғысы келмей қайтып кетеді.
4,4(19 оценок)
Ответ:
marcella6112000
marcella6112000
25.05.2022
АЛМАТЫ. 22 маусым. ҚазАқпарат /Сара Мұстафина/ - Бүгін - Ұлы Отан соғысының басталғанына 70 жыл. 22 маусым - барлық посткеңестің елдердің тарихындағы ең қайғылы датаның бірі.

Осыдан 70 жыл бұрын, дәл осы күні таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады.

Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық-шекарашылар болды. Атақты Брест гарнизонының өзінде 1941 жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен, шілде айында олардың көпшілігі әскерден елге қайтулары керек болған. Бірақ жаудың шабуылы олардың бұл жоспарларын күл-талқан етті. Соғыс өрті ішке қарай тез еніп, Брест қамалының тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Олардың қатарында 190 қазақстандық болған және олардың көбісінің сүйегі беларусь жерінде қалған.

Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір-түкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды.

1939 жылдың дерегі бойынша, біздің республикамызда 6,2 миллион адам тұрып жатқан. Соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарына 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылған, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрылымдар жасақталған. Фашистермен болған шайқастарда 328-ші, 310-шы, 312-ші, 314-ші, 316-шы, 387-ші, 391-ші, 8-ші, 29-шы, 102-ші, 405-ші атқыштар дивиясы, 100-ші және 101-ші ұлттық, 81-ші, 105-ші, 106-шы кавалериялық дивизиялар, 74-ші және 75-ші теңіз атқыштар бригадасы, 209-шы Зайсан, 219-шы минометтік, 85-ші зениттік, 662-ші, 991-ші және 992-ші авиациялық полктер ерекше көзге түсті. Майданға 14 100 жүк және жеңіл автокөлік, 1 500 шынжыр табанды трактор, 110 400 жылқы, 16 200 арба жөнелтілді.

Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға да лайықты үлес қосты. 1941-1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жолданды, ал Қазақстанның аумағында сол жылдары жұмыс істеген 27 әскери оқу орны толық емес мәлімет бойынша 16 мыңдай офицер дайындап шығарған.

Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасқан. Жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медаль-ордендермен марапатталса, 500-дей адам Кеңес Одағының Батыры, 100-ден астам адам - Даңқ орденінің толық иегері атанған. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды, олар - Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда.
4,8(98 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ