Қазіргі балалардың мүмкіндіктері қандай? Əрине, қазіргі кезді бұрыңғымен салыстырсақ, көп өзгеріс байқаймыз. Бұрын, балалар тегін білім ала алмады. Ал біз болсақ, тегін оқысақ та, оны бағала алмаймыз. Бұрын балаларға киім-кешек, тамақ жетпейтін. Ал бүгін, балалардың бақытты болуы үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Сондықтан мұндай мүмкіндікті өткізіп алмау керек
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан — тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен («Айқыш-ұйқыш», «Ақ серек пен көк серек», «Алқа қотан», т.б.), ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен, қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталатын.Наурыздан кейінгі 2-ші күні жұрт жаппай көктемгі егіске кірісетін. Малшы қауым да төл алуға қатысты іс-қарекетімен айналысатын. Наурызды кейінге қалдыра тұратын ауылдардың өзінде де мейрамнан кейінгі 2-ші күні жаппай егіске кірісетін.Наурыздың 22 күні Наурыз мейрамы (жаңа жыл) екенін қазақ баласының көбі біледі.Наурыз туралы көптен бері,жыл сайын газеттерде жазылып келеді.Бұл мейрам-дін мейрам емес ұлт мейрамы.Тегінде Наурыз ұлт мейрамы болғандағының үстіне оның тарихи маңызының тереңдігі бар.Ызғарлы қыстың кетіп,жан йесі өмір қуатын туғызған жыл,жаздың келетіндігіне барлық жаратылыспен қатар қазақ елі де қуанатын.
Адам әр уақыт тамақ ішпей тұрмайды. Тамақ арқылы ағзамыз қажетті мөлшерде нәруызбен, маймен,минералды заттармен, дәрумендермен, сумен қамтамасыз етіледі. Менің ең сүйікті асым-мәнті. Анам мен үшін оны жиі дайындауға тырысады, себебі буға пісірілген тағам пайдалы әрі дәмді болады.Бірде мәнтіге асқабақ қосып пісірсе, кейде жусаймен пісіреді.Мәнтіні бәріміз бірге отырып түйеміз.Анам пісірген мәнтінің дәмі аузыңнан кетпейді. Жеп көрсең, саған да ұнар. Маған балық та ұнайды. Таңертең мен айран ішемін, ірімшік жеймін, кейде бутербродпен қара шай ішемін. Түскі асқа анам көкөніс қосылған сорпа пісіреді, балық қуырады, әртүрлі салаттар жасайды. Менің ең жақсы көретін салатым-қырыққабаттан жасалған, алма, қияр қосылған салат.Тәттіге онша құмар емеспін. Мен үшін тамақтану - күш, қуат алудың тәсіл. Әсіресе сүт тағамдарна ерекше мән беремін. Көбіне айран ішемін. Кейде демалыс күндері анам жаңаша тағамдар пісіреді, олардың да дәмін татамын, жеп көремін. Меніңше дәмді тағам пісіре білу де өнер. Біреулер тамақты күйдіріп жібереді немесе өте тұзды етіп жасайды, фаст-фудты дайындай салады. Мен ондай тамақтарды жемеймін. Бірақ өз денсаулығын ойлаған адам қалай болса солай тамақтана салады деп ойламаймын.
Əрине, қазіргі кезді бұрыңғымен салыстырсақ, көп өзгеріс байқаймыз. Бұрын, балалар тегін білім ала алмады. Ал біз болсақ, тегін оқысақ та, оны бағала алмаймыз. Бұрын балаларға киім-кешек, тамақ жетпейтін. Ал бүгін, балалардың бақытты болуы үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Сондықтан мұндай мүмкіндікті өткізіп алмау керек