М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Reixerrr
Reixerrr
24.01.2023 05:37 •  Қазақ тiлi

Хайуанаттар бағына саяхат тақырыпқа əңгіме керек біріккен сөз болатын аң құстардың жазуды ұмытпа

👇
Ответ:
kristinanester1997
kristinanester1997
24.01.2023
Өткен жұмада деген досым екеуміз хайуанаттар бағына саяхатқа барғанбыз. Ол жерде ине шаншыр орын жоқ екен. Досым екеуміз бір шетінен бастап аңдарды қарай бастадық. Алдымен бірінші торда қолдарына білезік таққан қос маймыл отыр екен. Жанымыздағы адамдардың айтуынша Африкадан әкелінсе керек. Әрі қарай жүре берегенімізде сусар мен тасбақаларды көрдік. Бұл тасбақалар әлдеқайда үлкендеу екен. Бүркіт, сұңқар, бірқазандарда темір тордың ішінен орын алыпты. Сөйтіп келе жатқан екеуміз бір қызыққа ұшырастық. Әдетте ерсілі-қарсылы ұшып жүретін қарлығашты бір жігіт бұлбұлдай сайраттырып отыр. Қазақ киелі санаған құстың жез таңдайлығына қайран қалдым. Иелерінің айтуынша алдағы уақытта піл мен көкқұтан әкелінбекші екен. Міне, біздің саяхатымыз осылай аяқталды.
4,6(75 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
treezykilla
treezykilla
24.01.2023

Алматы хайуанаттар бағы 1937 жылы құрылған. Аумағының көлемі 22 гектар. Алматы хайуанаттар бағының мекендеушілері 6 секцияға орналастырылған: жыртқыш сүт қоректілер, тұяқтылар, приматтар, құстар, экзотариум мен аквариум.

Алматы хайуанаттар бағының топтамасында 5 мыңға жуық жануарларды құрайтын 400-ден астам түрі бар. Олардың 28 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына, ал 71 түрі табиғатты қорғау Министрлігінің Қызыл кітабына енгізілген.

Экзотариумда тасбақаның бірнеше түрі бар, олар: қызыл құлақты, дала, қызыл аяқты, бабырлы, тырнақты және тағы басқалар. Бауырымен жорғалаушылардың ішінде жолбарысты және торлы питондар, су айдаһары, хамелеондар, ысылдағыш улы жыландар, египет улы жыланы және тағы басқалар келушілерді аса қызықтырады. Сонымен қатар, мұнда куба қолтырауынын, сиам қолтырауынын және қолтырауын кайманын да көруге болады.

Алматы хайуанаттар бағы – барлық жыртқыш құстар тұқым беретін Еуропа мен ТМД елдерінің хайуанаттар бақтарының ішінде жалғыз бақ. Құстардың сирек түрлерінің тұқымын беру бойынша ЕЕР бағдарламасымен қарастырылған үлкен күмбез тәрізді темір қораларда дала бүркіті, қозықұмайлар, құмайлар, субүркіттер мекендейді. Көлдер мен тоғандарда аққулардың, үйректердің, қаздардың тырналардың әр түрлері мекендейді. Барлық құстардың ең ірілері де бар, олар – эму мен казуар.

Хайуанаттар секциясының мақтанышы оңтүстік-африка керіктері, ала құландар, азия пілдері, мүйізтұмсықтар мен сусиырлар болып табылады. Адамды қызықтыратын бекендер (гну, ньяла, орикстер) де бар. Бұғылардың ішіндегі ең ірілері – бұқар бұғысы мен марал. Мұнда дақты бұғылар, кербұғылар, еліктер, арқарлар, сібір ешкімүйіздер, мүйіздері бұралған текелер, жабайы қойлар, жабайы ешкілер, қойлар және Пржеваль аты да бар.

Алматы хайуанаттар бағында кеңінен мысық тұқымдастар жыртқыш аңдар: арыстандар, амур және бенгал жалбарыстары, қарлы барыстар, парсы және қиыр шығыс қабыландары, қара бабырлар, ягуарлар мен сервалдар көрсетілген. Жер жүзінде мекендейтін аюлардың жеті түрінен хайуанаттар бағында екі түрі бар: ақ аю және гималай аюы.

Маймылдар тұратын темір торлардың жанында үнемі адам көп. Мұнда мартышка мен макакалар, гамадрилдер, аққолды және күміс гиббондар, шимпанзе, шығыс колобус пен қызыл лемур вари бар.

Алматы хайуанаттар бағында жыртқыш құстар, африка керіктері жыл сайын бір-бір тұқымнан береді, сонымен қатар, ала құландар, еуропа кербұғысы, түйелер, Пржеваль аты, аласа жылқы тұқымы (пони), дақты бұғылар, арқарлар, мүйіздері бұралған текелер, жабайы қойлар мен ешкілер, арыстандар, амур жолбарыстары, қабыландар, қара бабырлар, қасқырлар, шимпанзе, макакалар, аққулар, қаздар, тырналар, тоты құстар, түрлі бауырмен жорғалаушылар, аквариум балықтары мен тағы басқалар тұқым береді.

Абақта жануарлар ойдағыдай тұқым беретіні – біздің асырандыларға жақсы жағдай жасалып, олар уақытында тамақтандырылып, жақсы күтіммен қамтамасыз етілгенін негізгі көрсеткіші.

Жұмыс кестесі: күн сайын, қыстың күні сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, жаздың күні сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін.

Билеттердің бағасы: үлкендерге – 500 тг, балалар (5 жастан 12 жасқа дейін) – 100 тг, 5 жасқа дейінгі балалар – тегін

4,5(80 оценок)
Ответ:
kozinasofia2006
kozinasofia2006
24.01.2023

Құрметті қала тұрғындары!

Сіздерді алғаш рет біздің шаһарымызда ашылғалы отырған хайуанаттар бағына шақырамыз! Тек бiзде ғана сіздер жабайы аңдармен қатар үй жануарларын, құрлық жануарлары мен су жануарларын тамашалап, өте қызықты, тартымды саяхат жасай аласыз. Хайуанаттар бағында үлкенді - кішілі келушілердің барлығы таңғажайып, керемет әсерде калатынына кепілдік береміз! Келіңіздер, көріңіздер! Біз сіздерді асыға күтудеміз!

Синонимдер: кала, шаһар;

Қызықты, тартымды;

Таңғажайып, керемет.

Антонимдер: Жабайы жануар - үй

жануары;

Құрлық – су;

Үлкенді – кішілі.

4,8(49 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ