М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
arifnabiev83
arifnabiev83
10.11.2021 04:56 •  Қазақ тiлi

Эссе на тему "зілді бұйрық " (65-85 слов)

👇
Ответ:
pushkinaksenya
pushkinaksenya
10.11.2021

Зілді бұйрық  

      Әдеби эссе

  Жамбыл Жабаев - қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы.Оның қаламынан небір жыр мен дастандар жазылды.Солардың бірі де бірегейі – «Зілді бұйрық»  өлеңі.Аталмыш өлеңінде ақын патшаның 1916 жылы қазақтан соғыстың қара жұмысына адам алу туралы жарлығына батыл қарсылық білдірген.

 Жамбыл Жабаев бұл өлеңді көнеден қалған тарихқа жүгініп жазбады.Ол сол кездегі осы бір азапты оқиғаны көзбен көрген жандардың бірі.Өлеңнің:

«Верныйден» жандаралдар бұйрық қылды,

Құйрығы бұйрығының тіпті зілді. ,

«Отыз бір - он тоғызды алад» деген

Суық хабар халықты бұлқындырды.

Жылады сорлы халық, малын айтып,

«Кеткен соң қолдан шығып, келмес қайтып», -

Дейді де еңірейді, егіледі,

Қайғының күні-түні күйін тартып,-деген жолдары соның дәлелі.Ақын өлеңге еш фантастика қоспай,сол бір бейнет заманның,кара халықтың жай-күйін,мұң мен зарын осылайша әсерлі жеткізуінің өзі бір шеберлік десек,қателеспейміз.

 Халықтың өміріндегі қуанышқа да,күйінішке де ортақ бола білген ақын әрдайым көптін қамын алдыңғы кезекке қойып сөйлегендігін шығарманы оқып отырып-ақ түсінеміз.Ханның емес,халықтың сөзін жырлаған өлеңінде сол дәуірдегі оқиға мен ақынның айтайын деген ойы үндестік тапқандығы таң - тамаша етеді.Зұлымдықтың Верныйден қазақ еліне аяқ басуы,тіс қайрауы,халықтың жұмылып қарсы шығуы,кінәсіз жандардың нақақ қамалуы,атылуы бейне бір шешілмес түйін,шыңырау іспетті.Шым-шытырықты Жамбыл  Жабаев:

Аттандық ұлығының қонысына,

Елді сорған борсықтай болысына.

Көп ерлер қаза тапты жауға аттанып

Көксеген азаттықтың соғысында,-деп,аңсаған егемендік жәймен келе салмайтынын,оған деген жолда ел азаматтарының құрбан болатындығын күйіне айтады.

  Қорытындылай келе айтарым,Жамбыл Жабаевтың "Зілді бұйрық" өлеңі біздің ата бабамыздың өмірінен өнеге мен өсиет береді.Әлбетте,қазір еліміз аман,жұртымыз тыныш.Сол үшін де тарих сахнасында осы бір ел тыныштығы үшін қыршыннан кеткен тұлғаларға алғысымыз шексіз және біз олармен,осындай ел жанашыры Жамбыл Жабаевпен мақтанамыз.

4,5(58 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Irina5600
Irina5600
10.11.2021
Бұл ғылыми зерттеу написано анықтау үшін әсері әр түрлі типтегі медиа (мысалы, сериалдар, фильмдер, мультфильмдер, аниме, ғылыми фантастика, интернет және басқа да) адам қабылдау, əлем туралы және мінез-құлық. Біз тырысамыз анықтауға тигізетін әсері " медиа белгілі бір топтар (жастар, жасөспірімдер) және медиа әсер етеді олардың болашақ өмірі мен мансап, құндылықтар мен наным.
Осы баяндама ұсынады әр түрлі теориялар әсері туралы медиа негізделген, түрлі зерттеулер жүргізілген 1960 1990 (теория шектелген әсерлерін тап теориясы және культуралистская теориясы).
Бұдан әрі рөлі мен әсері масс медиа талданды басты бөлігі. Ол анықтайды оң және теріс әсерлер көзқарастары.
Біз түсіндіруге тырысамыз фандом, оның сипаттамалары, фанатскую қызметі, ментальды және әлеуметтік әсерлер, ұлттық мәдениетке әсері.
Біздің бүкіл материал негізделген интернет сауалнамалар мен зерттеулер, құрамында сұрақнамалар және сондай-ақ, біз опрашивали жас адамдар.
4,6(54 оценок)
Ответ:
sergeevan73
sergeevan73
10.11.2021

Тіл - тәуелсіздіктің айғағы. Тіл мен егемендік егіз ұғым. Тілсіз- тәуелсіздік, егемендіксіз- тіл болмақ емес. Тіл - тәуелсіздіктің қуатты тірегі, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы. Қазақ елі тәуелсіз мемлекет болып орнағалы ширек ғасырға таяу уақыт болды. Мемлекеттік тілі - қазақ тілі деп жарияланды. Бұл тұста Елбасымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақтың болашағы - қазақ тілінде», - деп алдымызға айқын жол ашып берді. Бізге тек осы ұстанымды жүзеге асыруға бар күш-жігерді аямай, еңбек ету ғана қалды. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы - біз, яғни, қазақ жастары. Демек, біздің міндетіміз - қазақ тілінің мәртебесін асыру болмақ.

Халықтын тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел ешқашан да егеменді ел бола алмайды, болуы мүмкін емес. «Тіл туралы» Заңның 4-бабында: «Қазақстан халқын топтастырудыңаса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» деп жазылған. Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті, өкілді және атқарушы органдар Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға міндетті» - делінген. Мемлекеттің саясаты - тіл саясаты қағидасын тәжірибеге берік ендіру, алға басуға ұмтылу. Осы орайда, Департаментімізде көптеген шаралар өз бастамасын табуда. Атап айтсақ, қазақ тілін оқып-үйрену бойынша үгіт-насихат жұмыстары, семинарлар мен дәрістер өткізіледі. Осы іспеттес жұмыстар аудандық басқармаларда да жүргізілуде. Елбасымыз айтқандай, Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде.

4,8(13 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ