М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
water12
water12
25.02.2023 17:52 •  Қазақ тiлi

Жаз,əдеп,айт, бол, жас, сана, көз жұрнақ жалғау

👇
Ответ:
юра417
юра417
25.02.2023
Жазғыш, әдепті,айтқыш, болжам,жастау, санағыш, көзді. Если ошибка то сории!!
4,4(56 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Мұғалжар тауы-Ақтөбе облысы аумағында. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 400 км-ге созылып жатыр. Ені 200 км-дей. Орташа биіктігі 300 м, ең биік жері – Үлкен Боқтыбай тауы (657 м).
Солтүстігінде жіңішке бұйрат түрінде басталып, әрі қарай бір-біріне жарыса орналасқан екі қатар тізбекке бөлінеді. Олардың арасын беті сәл белесті ойыс бөледі (ені 15 – 20 км). Жоталар кей жерлерде бір-бірімен төбелер жүйесі арқылы жалғасады. Аралық өңірде девон мен тас көмір дәуірінің құмтас пен әктас жыныстары таралған. Жоталар кембрийге дейінгі және палеозойлық кварцит, кристалдық тақтатас, гнейс, гранит, т.б. жыныстардан құралған.
Батыс Мұғалжар, немесе Бас жота бір-бірімен тіркесіп, меридиан бағытында созылатын жеке қырқалар тізбегін түзеді. Оңтүстік бөлігі биік және қатты тілімденген. Шығыс Мұғалжар тауы аласа, төбесі тегіс шоқылар тізбегі түрінде. Солүстік бөлігі айқын тау сипатында, оңтүстікке қарай бірте-бірте аласара береді де маңайындағы жазықтан аз-ақ көтеріліп тұратын аласа төбеге айналып кетеді. Мұғалжар тауы 48" с. е. маңында аяқталады, одан оңтүстікте абсолюттік биіктігі 250 м-ден аспайды. Мұғалжар тауы Ырғыз өзенінің салалары арасындағы суайрықты құрайды. Солтүстікке қарай Ор өзені ағып шығады.
Климаты тым континентті, қысы суық, қар жамылғысы жұқа. Қаңтардың орташа температурасы –15 – 18"С. Жазы ыстық, құрғақ, шілденің орташа температурасы 21 – 25"С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 – 250 мм.

Мұғалжар тауы қойнауында мыс, никель, марганец, сирек металдардың, фосфорит және тас көмірдің кен орындары барланған. Олардың кейбіреулері (никель, фосфорит, т.б.) өндірілуде.

Солтүстік бөлігінің қиыршықты тастақ даласында боз, бетеге, сұлыбас өскен. Оңтүстікке қарай астық тұқымдасты жусанды шөлейтке ауысады (бетеге, жусан, т.б.). Жыраларда анда-санда қайың, көктерек, тал, мойыл кездеседі. Қатты тау жыныстары жер бетіне шығып жататындықтан өңір егін егуге қолайсыз. Егіншілікке пайдалануға жарамды жерлер тек аңғарларда ғана кездеседі. Жер асты суының қоры мол.

Батыс бөлігі боз, бетеге мен селеу өсетін қиыршық тасты, ашық түсті қара қоңыр топырақты болып келеді. Суайрықтары мен ойыстарда құмайт топырақ молдау. Онда негізінен селеу, көде, жусан өседі. Жер бедері күшті тілімденген ойыстарда ақ және қара жусандар тобына жататын өсімдіктер кездеседі. Сайлардың жоғарғы беткейлерінде қараған, тобылғы, жабайы шие мен әр түрлі бұталар, өзен бойларында терек, қайың, емен, тал өседі.

Ұсақ шоқылы құрғақ даласында қара қоңыр топырақ қалыптасқан. Онда дала мен шөл зоналарына тән өсімдіктер жамылғысы қалыптасқан. Сортаңданған қара қоңыр топырак жамылғысында бетегелі, үлпілдек селеу, көкпек шығады. Мұғалжардың батыс беткейінің біраз бөлігі егіншілікке пайдаланылса, шығыс бөлігі тек мал жайылымына ғана жарамды. Жануарлар дүниесі де дала, шөлейт, шөл зоналарына тән аң-құстардан тұрады. Дала мен тау аңғарларын ақбөкен, жабайы шошқа, қоян, қарсақ, қасқыр, түлкі, сарышұнақ, аламан тышқаны мекендейді. Өзен-көлдерінде аққу, қаз, үйрек, қырда безгелдек кездеседі.
4,4(81 оценок)
Ответ:

Қосымша мәлімет, кешіріңіз

Ірі шығанақтары: Маңғыстау шығанағы, Қазақ шығанағы, Қарабұғазкөл, тағы басқа 50-ге тарта аралдар бар (ірілері: Құлалы, Шешен, Артем, тағы басқа).

Ірі түбектері: Маңғыстау түбегі, Апшерон, Аграхан, Красноводск, Шелекен.

Ойпатты тегіс жағалау басым. Жағалауында теңіз суының бұрынғы жоғары тұрған кезеңін дәлелдейтін теңіз террасалары көп.

Объяснение:

Қалыптасуы ұзақ геологиялық мерзімде өтті. Осы уақыт ішінде теңіз суы бірде жағалауды басты (трансгрессия), бірде суы кейін қайтып отырды (регрессия). Плейстоцен кезеңінде (70 млн. жыл бұрын) теңіздің Понто-каспий алабы оңтүсігінде орналасқан Тетис атты үлкен теңізден бөлініп қалды. Понтий кезеңінде (10 млн. жыл бұрын) құрамында қазіргі аумақты алып жатқан Қара және Каспий теңіздері бар Сармат тайпасы бірнеше бөлікке бөлінді. Нәтижесінде оқшау тұйық алапты қамтыған қазіргі Каспий теңізінің нобайы пайда болды. Бұл кезде теңіздің аумағы қазіргіден кіші болған. Орта плиоценнің кейбір кезеңдерінде теңіздің аумағы одан да кіші болған. Ол тек Дербент қазаншұңқырымен ғана шектелген.Каспий теңізі (орыс. Каспийское море, әз. Xəzər dənizi, парсы: دریای خزر‎ — Daryâ-ye Xazar, түрікм. Hazar deňzi) — Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қарап, оны теңіз деп атайды. Аты XVI ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған Каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан. Грузияда Каспи қаласы қазір де бар. Сонымен бірге Гиркан (I ғасыр), Хазар (ІІ-Х ғасыр), Хвалын (Х-ХІІІ ғасыр) және т.б. тарихи атаулары бар. Олар соңғы үш мың жылдағы өмір сүрген халықтардың қойған аттары.

4,7(5 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ