1) Дастанның қарындасы бар. (В)
2) Ол қарындасын өте жақсы көреді. (С)
3) Ол қарындасына кітап сатып алды. (А).
4) Менің досым маған опера театры туралы айтты. (С)
5) Ол маған опера туралы айтты. (В)
6) Мен опера театрында болған емеспін. (А)
7) Менің достарым спорт залда шығар. (В).
8) Жұмысшылар спорт залын салып жатыр. (С).
9) Кім спорт залға барды? (А).
10) Менің ағам медицина академиясында оқиды. (В).
11) Менің де медицина академиясына түскім келеді (С).
12) Осы көшеде медицина академиясы бар (А).
13) Маржан бала дәрігері болғысы келеді. (С).
14) Менің інім дәрігерге барады. (В).
15) Мына әңгіме дәрігер туралы. (А).
16) Менің әпкеме француз әдебиеті ұнайды. (А).
17) Ертең француз әдебиетінен лекция болабы. (С).
18) Ол француз әдебиетіне қызығады. (В).
19) Дәурен бүгінгі газетті сатып алды. (С).
20) Менде бүгінгі газет жоқ. (В).
21) Мен бүгінгі бір мақаланы оқығым келеді. (А).
Судың жарнамасы.
Су – тіршілік көзі. Дана халқымыз «Судың да сұрауы бар» деп бекер айтпаған. Себебі, тамақсыз бірнеше күн өмір сүре алсақ, сусыз тіршілік жоқ. Тіпті, адам денесінің 2/3 бөлігі судан тұрады. Тіпті алғашқы тіршілік те судан басталған. Жер бетінде су - ең кең таралған зат.
Біздің "Таза су" компаниясы - Қазақстандағы ең ірі су өндіруші компания. Біз сіздерге артезиандық ұңғымадан шыққан, жеті сатылы тазалаудан өткен ауыз су ұсынамыз.
- Үйге дейін ыңғайлы уақытта тегін жеткізіп беру қызметі.
- Зейнеткерлер мен балалы отбасыларға арналған жеңілдіктер.
- Кез - келген уақытта зертханаға келіп, тазалау процесін көру мүмкіндігі.
Тапсырыстар күнделікті сағат 8.00 - ден 22.00 - ге дейін 8 777 111 22 33 және 8 7172 11 22 33 телефондары бойынша қабылданады.