Қазақстандағы табиғат таңғажайып: ол бай, алуан түрлі, қарама-қайшылықтарға толы. Мұнда сіз биік тауларды, кең шөлдерді және кең далаларды көре аласыз. Елдің флорасы мен фаунасы өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін түрлерімен таң қалдырады. Сіз ландшафттарға шексіз таңдана аласыз.
Қазақстан бойынша саяхаттың бір күнінде қарлы шыңдарды бағындыру, қылқан жапырақты ормандармен серуендеу, құм мен бархандарды кесіп өту, ежелгі каньондарды тамашалау және әктас тауларының лабиринттерінде кезбе жүруге болады. Қазақстан бәрін бірден алғанды ұнататындарға ұнайды.
Біздің әлемде көптеген жануарлар мен өсімдіктер бар. Әр адам, кейде мұның бәрі бізге жер бетіне қайдан келді деп ойлады ма? Флора-бұл өсімдіктер. Сіз айналамыздағы қандай сұлулық туралы ойландыңыз ба? Флора бізге көмектеседі. Мысалы, флора бізге оттегі береді. Ал фауна ? Фауна-жануарлар әлемі. Фауна бізге жалғыз болмауға көмектеседі. Өкінішке орай, адамдар жыл сайын флора мен фаунаны бұзады. Олар жануарларды өлтіріп, өсімдіктерді таптайды. Сондықтан адамдар мүмкін емес! Мен адамдар флора мен фаунаға мұқият қарауды жақтаймын
«Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық» деп тегін айтылмаса керек. Әрбір Отан ұғымының қадірін білетін, туған жер сөзінің терең мағынасын түсінетін азамат үшін кіндік қаны тамған топырақ киелі де қастерлі.
Туған жерді жырламаған жан жоқтың қасы.Белгілі ақындарымыз
елі мен жерін жырға қосып, патриоттықтың тамаша үлгісін көрсеткен. Соның бірі, «Мұзтаудың мұзбалағы» атанған, дарабоз ақын Мұқағали Мақатаевтың Отан тақырыбындағы мына бір өлеңі:
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем!
...Отан! Отан! Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем...
Меніңше, елді ерекше қастерлеп, мәңгілік сүю үшін үлкен жүректің керегі жоқ. Туған жерге деген шексіз құрмет пен махаббат болса жеткілікті. Себебі «Мен қазақпын» деп айту үшін «қазақ» деп соғатын жүрек керек. Қазақтың ертеңі үшін аянбай еңбек етем деген тілек керек. Бірде теледидардан елінен неше уақыт бойы жырақ жүрген, туған жерге қаншама уақытта қиындықпен оралған қазақ туралы бағдарлама көрдім.Көзінен жасын көл қылып, көліктен түсе сала жерді сүйіп, ақ қарды жылап тұрып аузына салып, шайнап жұтқанын көрдім. Көрдім де елімізде жүріп, еліміздің қадіріне жете бермейтінімізді түсіндім.Оның қаншалықты ыстық екенін түсіндім. Суық қарды көзі жасқа толып, асап жеп жатқаны ішіндегі ыстық сағыныш сезімінің басылмай жатқанынан-ау деп терең ойға қалдым. Дана қазақ «Әркімнің өз жері –жұмақ»деп бекер айтпаған. «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл» деген сөздің жаны бар. Отансыз адам болмайды. Ел, жер, Отан сөздерін айтқанда, Отан алдындағы міндет, құрмет ойға оралуы тиіс.Байтақ жерімізде бейбітшілікті сақтау, кеудемізбен қорғау, көркейту, ел үшін қызмет ету – біздің міндетіміз. Елім үшін ерінбей еңбек етуге уәде етемін, білім алып, келешегін жарқын етемін. Мен – Тәуелсіз елдің ұланымын және оны мақтан етемін! Мен елімді, туған өлке – Қазақстанымды, тілімді жанымдай сүйемін