"Қыздың көзі қызылда" демекші, мен өзім қыз бала болған соң сәнге, әдемі киімге көп мән беремін. Қазіргі кезде сән әлемінде неше түрлі киімдер бар. Бірақ ең алдымен киімнің жарасымды әрі ыңғайлы болып тұрғаны дұрыс. Сонда ғана ол көрікті болып көрінеді. Аталарымыз "Адам көркі шүберек" деп бекер айтпаса керек, таза, әдемі әрі жарасымды киім бізді көрікті етіп тұрады.
Қазіргі кезде сән әлемінде өзіндік орны бар киім дизайнерлері жетерлік, солардың ішінде бірегейлері ол өзіміздің отандастырымыз деп ойлаймын. Себебі олар өзіміз өмір сүріп отырған қоғамға сай киім - кешектер ойлап табады деп есептеймін.
Адам көркі шүберек екені сөзсіз, қазіргі қоғамның өзінде барған жерінде қанша ақылды болсаң да, үстіндегі киген киіміңе қарап алдымен баға береді. Дегенмен, сәнді әрі жарасымды киініп жүру - қазіргі заман талабы. Бірақ, менің ойымша, сәнді киіну үшін міндетті түрде көп қаражаттың керегі жоқ. «Қыстың қамын жаз ойла» демекші, әр маусым аяқталар кезде ірі сауда орталықтарында арнайы жаппай сатылым жүргізіледі, біз мысалға отбасымызбен осындай сатылымдарда жиі өзімізге ұнаған киімдерді сатып аламыз. Мысалға, сәннен шықпайтын классикалық үлгідегі киімдер, немесе қашанда әркімнің гардеробында елеулі орын алатын шалбар - күртелер. Былғарыдан жасалған аяқ - киімдерді де осындай маусымаралық сатылымдарда жақсы тиімді бағада табуға болады.
Қаражатымызды үнемді жұмсап, әдемі де жарасымды киіне білейік.
Менің туған жерім- егеменді Қазақстан Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Астана-ол біздін мемлекетіміздің бас қаласы.Ол 10 жыл ішінде үлкен қалаға айналды,Астанада көптеген улттар тұрады.Астананың символы-Бәйтерек.Астана қаласында біздің призидентіміз Нұрсылтан Назарбаев тұрады.Астана қаласында көптеген туристерге арналған орталықтар бар.Мысалы:Думан,Ханшатыр,Бәйтерек,Ақ мешіт тағыда басқа ғимараттр бар.Және Астанада призидентіміздің есімімен аталатын Назарбаев мектебі салынған,ол мектепте дарынды балалар оқиды.Астана өте көрікті қала,және ең жас қалалар қатарына жатады.
Жарасымды әрі сәнді киім.