Ана... Әрбір адам осы керемет күміспен қапталып, алтынмен апталған АНА деген сөзді естіген сәтте-ақ жүрегі дір етеді. Сен осы дүниеге шыр етіп келген сәтте анаң \"БАУЫР ЕТІМ БАЛАМ\",- деп ақ сүтін беріп, аяалап, МЕНІҢ БАЛАМ КЕРЕМЕТ деп мақтан тұтады. Иә, бірақ біз осы ана махаббатын қадір тұтып, бізде сол керемет адамды аяалап жүрміз бе? Ана көңіліне қаяу түсірместен мақтан тұтатындай сүйкімді жағымыздан көрінеміз бе? Жоқ ондай адамдар саны кемде-кем! Екінің бірі ондай жақсы қылық істемейді! Ана махабатына біз мүлде басқаша жауап береміз... Ұлымыз барып жаман қылық істейміз, ал қызымыз ше? қызымыз анаға көмек берудің орнына, бет жыртысып ұрсысамыз...Бірақ оның бәрі ананың жүрегіне қалай ауыр тиетінін түсіне алмаймыз. Себебі кәзіргі жастардың санасы өте төмен.
\"Алып анадан туады \" дегендей біздің неше түрлі ғұламаларымыз, батырларымыз анадан туған. Әл-Фараби тіпті Фердаусидің өзі осы анадан туды емес пе? Ананың құдіреті өте күшті... Мұны мына бір Ақсақ темірдің \"Өлімді жеңген ана\" тақырыбынан-ақ байқауға болады. \"Ақсақ темірдің ұлы өлген соң ол баласының кегін қан төгіс арқылы қайтармақ болды. Алып мұнараларды адамның сүйегінен тұрғызды. Қаһарына мінген Темірді көрген кезде адамыңда тіпті жан-жануарлар жан-жаққа қашатын. Сол кезде бір әйел адам келіп:
-Хан болсаң өзіңе хансың, ал мен үшін сен адам қатарына да жатпайсың! Сен әлемге өлім әкелсең, мен өмір силаймын. Сені де ана тапқан! Сен де анадан шыққансың. Баламды кері қайтар,-деп бұйырады. Сол кезде Темір әскерін дүниенің төрт бұрышына жібереді. СОл кезден бастап Темір райынан қайтып, басқаша өмір сүреді\"
Міне терең мазмұн осында жатыр. Тіпті тас жүректің жүрегін жібітіп, тілін таба білетін адам ол АНА!
Жұмақ ана табанының астында, сол жұмақ есігін ашам десең ешқашан анаңды ренжітпе!
Бірде пайғамбарымызға Мұхаммед (с.ғ.с)ге біреу кеп:
-Ең алдымен жақсылықты кімге істейсің десе,
-АНАМА!,-депті.
-Жарайды, ал сосын кімге десе,
-АНАМА!,-депті.
-Иә түсіндім ғой, ал сонан соң ше? десе
-Тағыда АНАМА депті!
Міне пйғамбарымыздың өзі АНАН атаулыны қалай силаған!
Қазағымның бір сөзі бар емеспе, \"Анаңды з рет арқалап апарсаңда, ақ сүтін ақтай алмайсың\" деген. Сондықтан бауырларым Анамызды ардақтап, силап, көңіліне кірбің түсірмейік. Сол ақ сүтті ақтай алмайтын халге түспейік!
Анашым мен саған мәңгілік борыштармын. Ренжітсем кешірім өтінемін. Осы жарық дүние есігін ашып берген АНАШЫМ саған мың алғыс!
Киім кию мәдениеті.
"Қыздың көзі қызылда" демекші, мен өзім қыз бала болған соң сәнге, әдемі киімге көп мән беремін. Қазіргі кезде сән әлемінде неше түрлі киімдер бар. Бірақ ең алдымен киімнің жарасымды әрі ыңғайлы болып тұрғаны дұрыс. Сонда ғана ол көрікті болып көрінеді. Аталарымыз "Адам көркі шүберек" деп бекер айтпаса керек, таза, әдемі әрі жарасымды киім бізді көрікті етіп тұрады.
Қазіргі кезде сән әлемінде өзіндік орны бар киім дизайнерлері жетерлік, солардың ішінде бірегейлері ол өзіміздің отандастырымыз деп ойлаймын. Себебі олар өзіміз өмір сүріп отырған қоғамға сай киім - кешектер ойлап табады деп есептеймін.
Адам көркі шүберек екені сөзсіз, қазіргі қоғамның өзінде барған жерінде қанша ақылды болсаң да, үстіндегі киген киіміңе қарап алдымен баға береді. Дегенмен, сәнді әрі жарасымды киініп жүру - қазіргі заман талабы. Менің ойымша, әрбір киім екі - екіден, ал аяқ киім төрт - бесеуден болғаны абзал. Сонда алмастырып киюге болады.
Бірақ, менің ойымша, сәнді киіну үшін міндетті түрде көп қаражаттың керегі жоқ. «Қыстың қамын жаз ойла» демекші, әр маусым аяқталар кезде ірі сауда орталықтарында арнайы жаппай сатылым жүргізіледі, біз мысалға отбасымызбен осындай сатылымдарда жиі өзімізге ұнаған киімдерді екі - үштен сатып аламыз. Мысалға, сәннен шықпайтын классикалық үлгідегі киімдер, немесе қашанда әркімнің гардеробында елеулі орын алатын шалбар - күртелердің әрқайсысы екі - үштен болса жеткілікті. Былғарыдан жасалған аяқ - киімдерді де осындай маусымаралық сатылымдарда әрқайсымызға екі - екіден сатып аламыз.
Қаражатымызды үнемді жұмсап, әдемі де жарасымды киіне білейік.