М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
zarrrubinka
zarrrubinka
08.10.2022 10:55 •  Қазақ тiлi

Айтылым
4-тапсырма. суретке қара. үлгі бойынша сөйлем құрап айт,
үлгі: бұл – көгершін. ол хат тасиды.
бұл - не? ​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
djam111
djam111
08.10.2022
EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізу – Қазақстанның негізгі ірі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы бастама Мемлекет басшысына тиесілі. 2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске ресми түрде Қазақстан Республикасының өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің республикамыз Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу құқығы үшін сайлау қарсаңы науқанына ресми түрде кірісті. 2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы болып өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы бейнеүндеуі жолданды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Астана жеңіп шыққан жағдайда, жобаның табысты жүзеге асырылуы үшін барынша күш-жігерін жұмсайтынына кепілдік берді. Біздің Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған. 2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана жеңіске жетіп, EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын ретінде таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ. Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Көрмеге 2 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр. ЕХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді. Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу ісіне, соның ішінде көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына шағын және орта бизнес атсалысатын болады. ЕХРО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттердің үндесетін орнына айналмақ. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтетін болады. 2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» №436 Жарлыққа қол қойды. 2014 жылғы сәуірде Президенті Назарбаев Университетіне таяу орын тепкен ЕХРО-2017 көрме кешені құрылысын бастап берді. Кешен құрамында 4 мың пәтер, жаңа мейманхана, Конгресс-холл және университеттен орталыққа дейін ұласатын жабық қала салынады. Көрме аймағында ұлттық павильон, тақырыптық және корпоративтік павильондар, ойын-сауық және қызмет көрсету нысандары орналасады. Көрме кешенінің жалпы ауданы – 174 гектар. Нысандарды пайдалану үшін энергия үнемдеу технологиялары қолданылатын болады. Көрме кешенінің ғимараттары халықаралық BREEM эко-стандарттары арқылы бағаланып, арнайы куәліктер беріледі. Көрме өткеннен кейін ЕХРО-2017 базасында ерекше мәртебеге ие «Астана» қаржы орталығы құрылатын болады. Қазақстан 1997 жылдан бастап Халықаралық көрмелер бюросына мүше ел болып саналады және ЕХРО көрмелеріне 2005 жылдан бастап қатысып келеді.
4,8(49 оценок)
Ответ:
1321321325555555
1321321325555555
08.10.2022
Қазіргі Қазақстан, Моңғолстан, Қытай және Ресей мемлекеттерінің шекаралық түйіскен өңіріндегі тау жүйесі және таулы аймақ атауы. Тау мен өңірдің біздің елімізге қарасты бөлігінде Шығыс Қазақстан облысы орналасқан. Ресейдің Алтай өлкесінде де, моңғол жерінде де, Қытайға қарасты Алтай аймағында да басқа жұрттармен бірге қазақтар тұрады. Алтай – ертеде тұтастай түркі жұртының мекені болған өңір. Соның ішінде қазақтың да баба қонысы, атамекені. Халқымыздың біраз бөлігі Алтайды мекендеп келеді. Халқымыз басқыншылардан елді-жерді қорғауда үлкен ерліктер жасаған өңір – Қаракерей Қабанбай, Ақыр Жәнібек аталған кіші (керей) Жәнібек батыр, Оспан батыр сынды ел қорғаны болған тұлғалар шыққан.
4,6(96 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ