1 Үйді қырық еркек толтыра алмайды, бiр әйел толтырады. Сорок мужчин дом обставить не смогут, а женщина одна дом заполнит.
– көңілдің гүлі, көздің нұры. Дети – цветы души и свет для глаз.
3 Жақсы болса алғаның, үйіңнен кісі кетпейді. Жаман болса алғаның, шын досың да шеттейді. Если жена хорошая, гости не переводятся в доме; если жена плохая, даже друг обходит твой дом.
Менің сынып жетекшім өте мейірімді және білімді мұғалім. Ол кісінің арқасында, біздің сыныбымыз ең үлгілі сынып болып саналады. Демалыс күндері кинотеатрға, көрмелерге және музейлерге жиі барып тұрамыз. Ең жақын достарымды осы жерден таптым. Сондықтан, жазғы демалыс кезінде мектепке қайта оралуға асығамын. Бұл біздің екінші үйіміз. Сол себепті, осы оқу орнының тәртібін құрметтеп, мұғалімдердің айтқаның орындауымыз керек. Мына мекеменің қабырғаларында білім алып, ересек өмірге дайындалып жатқаңымызды ұмытпағаңымыз жөн. Мектеп – оқушыларға қанат беріп, ұшуды үйрететін жер. Бізге тек дұрыс бағытты таңдау ғана қалды.
Бір жылда төрт жыл мезгілі болады. Олар: жаз, күз, көктем, қыс. Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар. соның ішінде маған ұнайтын жыл мезгілдерінің бірі – көктем. Себебі бұл кезеңде табиғат жаңарып, жан-жануарлар көбейеді. Көктем айларында көптеген мерекелер аталып өтіледі. Осы мезгілге сай көктемнің алғашқы мерекесі аналар күні. Жер дүниенің жаңару күні «Наурыз», ғарышкерлер мерекесі, бейбітшілік мейрамы, Ұлы жеңістің мерейлі тойы – осы көктемнің еншісіндегі атаулы күндер. Көктемнің басқа жыл мезгілдеріне қарағанда ерекше өзіндік орны бар. Мен жыл мезгілдерінің ішінде көктем айларын ұнатамын. Күн жылынысымен біз мектеп ауласын тазалап, бүкілқалалық сенбілік күні әрқайсымыз өз ауламызды тазалаймыз. Ағаштар отырғызамыз, түрлі гүлдер егеміз. «Тазалық – денсаулық кепілі»,- деп қазақ атам тегін айтпаған. Ендеше әрбіріміз өз қаламыз бен оқитын мектебімізді, ауламызды көгертуге атсалыссақ нұр үстіне нұр болары сөзсіз! Сондықтан тазалық пен көгерудің көзі - көктем айын жақсы көремін! Менің көктем туралы ойға түйгенім осындай. Көктем айы бәрімізге денсаулық, береке, бірлік, тыныштық әкелсін!
Сулы жер құрақсыз болмас.
Су жүрген жер береке,
Ел жүрген жер мереке.
Халық қартаймайды,
Қара жер қартаймайды.