Тәуелдік жалғау - әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, заттанатын сөздердің барлығына да жалғана береді .
Тәуелденетін зат 3 жақтың біріне меншікті болып тұрады. Сол себепті,тәуелдік жалғауының 3 жағы және әр жақтың өзіне тән жалғаулары болады. Мысалы:
Жекеше түрі
І жақ–ым, -ім, -м
ІІ жақ-ың, -ің, -ң
-ыңыз,-іңіз,-ңыз,-ңіз
ІІІ жақ-сы, -сі, -ы, -і
Көпше түрі
І жақ-мыз, -ымыз, -міз, -іміз
ІІ жақ – тарың, -терің, -дарың, -дерің, -ларың, -лерің
-тарыңыз, -теріңіз, -дарыңыз, -деріңіз, -ларыңыз, -леріңіз
ІІІ жақ-сы, -сі, -ы, -і.
Тәуелденудің екі түрі бар:
Оңаша тәуелдену – бір немесе бірнеше заттың бір ғана затқа меншікті болуын білдіретін тәуелдену. Басқаша айтқанда, заттың жекеше түрде тәуелденуі. Мысалы, Менің үй-ім, Сенің үй-ің, Сіздің үй-іңіз, Оның үй-і.
Ортақ тәуелдену – бір немесе бірнеше заттың көп затқа меншікті болуын білдіретін тәуелдену. Басқаша айтқанда, заттың көпше түрде тәуелденуі. Мысалы, Біздің үй-іміз, Сендердің үй-лерің, Сіздердің үй-леріңіз,
Олардың үй-і.
Тәуелденген сөз үнемі ілік септігіндегі сөзбен тіркесіп келеді. Мысалы, Мектептің алды. Кейде бұл тіркестегі ілік септігінің жалғауы жасырын тұрады (Мектеп алды). Біздің,сіздің сөздерімен тіркескен сөздің тәуелдік жалғауы кейде түсіп қалады. Мысалы, Біздің ауылымыз – біздің ауыл, сіздің үйде т.б.
мінеее
Объяснение:
осыыы!(^ - ^).. .
НЕГІЗГІ
Перевод:
основной;- негізгі мәселе основной вопрос;- негізгі кемшілік основной недостаток;- негізгі себеп основная (главная) причина;- негізгі сөздік қор лингв. основной словарный фонд;- негізгі талап основное требование;- баяндамадағы ең негізгі ой основная мысль доклада
ҚОСЫМША
Перевод:
I дополнение, прибавка, добавление, добавка// дополнительный, прибавочный, добавочный, побочный;- жалақыға қосымша прибавка к зарплате;- заңға қосымша дополнение к закону;- қосымша табыс дополнительный заработокқосымша ақы дополнительная плата;- қосымша еңбек эк. побочный труд;- қосымша құн эк. прибавочная стоимость;- қосымша өнім побочный продукт қосымша сайлау дополнительные выборыII лингв. окончание;- аффикс;- өнімді қосымшалар продуктивные аффиксы;- сөз тудырғыш қосымша словообразующий аффикс;- қосымшалар екі топқа бөлінеді аффиксы делятся на две группы