1.Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.
Ақындар айтысында жаттама өлеңдер аз болады. Олар өлеңді табан астында шығарады, тосыннан айтысады. Айтыс үстінде талай күтпеген жайлар кездеседі. Айтысар тақырыбы белгісіз, тосын сұрауларға тап болады. Екі ақын да бірін-бірі тығырыққа қамау үшін, бірін-бірі сүріндіру үшін, өмір құбылыстарын жұмбақ етіп те тартады. Соның бәріне ақындар жөпелдемеде жауап беруге, дәлел айтуға әзір болуы керек.
2.Айтыскер ақынға жүйріктік,білгірлік, тапқырлық, ұсталықты қажетсінумен қатар, ел-елдің шежіресін, тарихын, жер жайын, этнографиялық ерекшеліктерін білуі керек.
Осындай қасиеттер керек деп ойлаймын!
2 - тапсырма
Тактикалық әдіс түрінде Орбұлақ шайқасы күштерді біріктіре білгендікті көрсетті. Қазақ хандығының әскери өнерінің тарихында тұңғыш рет оқпана қазып соғысу тәсілі қолданылды. Қазақ шежірелерінде және халық аңыздарында соғыс жоңғар Алатауында, Орбұлақ деген жерде болған. Бұл шайқас қазақ халқының тарихында басқа да ірі оқиғалармен бірдей орын алды. Жәңгір «Салқам» (айбатты) деген құрметті атқа ие болды. Бұл соғыс ойрат қоғамына өз әсерін тигізді. Олардың өзара қырқысын бастауға әкеліп соқты. Ескі феодалдар арасындағы өзара қайшылықтары жарыққа шықты. Жәңгір хан бірегей қолбасшы, әрі епті стратег екенін дәлелдеді. Ол оқиға болып жатқан кезде не істеу керектігін тез ұға білді. Шешуші кезеңде жауынгерлерді жігерлендіріп өзінің тікелей соғысқа қатынасуымен шешіп кетіп отырды. Осы ерекшеліктерімен Орбұлақ шайқасында көзге түсті. Қазақ жауынгерлері өздерінің ерліктерімен, өздерінің жан аямайтындықтарымен өз жерінің тәуелсіздігін және халықтың бостандығын қорғай алатындығын дәлелдеді. Шайқас қазақ халқының тарихындағы аса ірі жеңістердің бірі әрі бірегейі болды.
Эссе
Ұлы Дала тарихы.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев:"Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек"-деп айтқандай,еліміз бен жеріміздің өткенін,тарихын білмесек,біз болашаққа нық қадам баса алмаймыз.Ұлы дала тарихы ол – Қазақстан елі мен жерінің тарихы.Ол біздің ата-бабаларымыздың жасаған тарихы.Қазақ жер ұшса қыран қанаты талатын байтақ жер.Ал халқымыз аз да болса,қонақжай,момын.Осы жерімізде талай майдандар мен алмағайып соғыстар, текетірестер болды.Ел-жұртымыз маңдай терін ағызып,ақтық демі қалғанша атамекен үшін жауға тойтарыс берді.Рас, ұлтымыздың тарихы бір-екі ғасырлық тарихи оқиғалардан тұрмайды. Сақ, ғұн, түркі дәуірі мен моңғол шапқыншылығы тұсындағы тарихи оқиғалар қазақ жерімен тығыз байланысты. Осындай сан ғасырлық тарихи үдерістер барысындағы өткен оқиғалардың желісі мен мағынасы – бүгінгі ұрпақ үшін үлкен сабақ, тарихи тағылым.
Ұлы Дала жерін түрлі тарихи кезеңде мекен еткен тайпалар мен олардың құрған мемлекеттері қазақ тарихының ажырамас бөлшегі болып табылады.Тәухе хан "Жеті жарғысымен" заңды қадағалады,Абылай хан халқын біріктірді,жырауларымыз шындықты,елдікті жырлап халықтың жағында болды.Қайсар халқымыз тіпті Ұлы Отан соғысына да қаймықпай төтеп берді,ал 1991 жылғы желтоқсанында жастардың ел қамын жеген өр дауыстары таңдай қақтырады.Бүгінде Қазақстан – тәуелсіз,зайырлы,бейбіт,Мәңгілік ел.Еліміздің сан ғасырды артқа тастаған тарихы да,мәдениеті де,рухы да біздің қолымызда.Ендігі кезекте егемендіктен айрылмай,күш салып,гүлдене түсуіміз керек.