М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
ruslankryoi
ruslankryoi
11.10.2022 09:46 •  Қазақ тiлi

Қимыл-сын (бейне) үстеуіне 10 сөйлем құрау

👇
Ответ:
perfilova0895
perfilova0895
11.10.2022
Ол басқа мемлекетте де өзін емін-еркін сезінеді.
Атасы немересінің тәтті қылықтарына балаша қуанды.
Ол жығылатындығын біліп, ақырын жүрді.
Мұғалімнің күрделі сұрақтарына оқушылар әрең дегенде жауабын тапты.
Ол берілген тапсырманы лезде орындап қойды.
Тасбақа өте баяу қозғалады.
4,6(15 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
asli121
asli121
11.10.2022
1. Қалау рай- іс иесінің қимылды, іс-әрекетті қалауын, соған ынтасын, ниетін білдіреді. Қалау рай:
1) Етістікке–ғы/гі ; -қы/кі жұрнақтары және тәуелдік жалғауы жалғанып , кел көмекші етістігімен тіркесіп жасалады. Мысалы: Менің Астанаға барғым келеді. Оның теледидар көргісі келеді.
2) Етістікке –ғай/-гей; -қай/-кей жұрнақтары мен жіктік жалғауы жалғанып жасалады. Мысалы : Сен досыңа хат жазғайсың.
3) Етістіктің шартты рай тұлғасына екен сөзі тіркесіп жасалады.
Мысалы: Анам қаладан келсе екен . Ағамды көрсем екен .
4) Шартты рай тұлғасына игі еді сөздерінің жіктеліп келген түрімен тіркеседі. Мысалы: Ата жолын қуса игі еді.

2. Біздердің бақытты болғылар–ымыз келеді. Жолай Мейрамбекті кездестіргей-сің. Менің досым болса екен. Жазылып кетсе игі еді.
4,4(77 оценок)
Ответ:
Evo4ka111
Evo4ka111
11.10.2022

Көшпелілер туралы диалог.

Кенжебек: Мұратхан, сен көшпелілер жайлы ең бірінші кім жазғанын білесің бе?

Мұратхан: Ия, даңқы шыққан атақты тарихшы Геродот көшпелі скиф тайпаларының тұрмысын мадақтап жазғанын кітаптан оқыған болатынмын.

Кенжебек: Дұрыс айтасың. Мен үй тапсырмасын оқып отырып, көшпелілік тақырыбына қызығып, қосымша мәлімет іздей бастадым.

Мұратхан: Ия, тарих қашан да қызықты мәліметтерге толы болады ғой. Сонда тағы не білдің?

Кенжебек: Ат құлағында ойнаған көшпелілердің табиғат аясындағы өмірін басқа антик тарихшылар, философтар, орта ғасыр ойшылдары сипаттаған екен.

Мұратхан: Сонда, жалпы «көшпелілер» деген кім екен?

Кенжебек: Көшпелілер немесе көшпелі қоғам, көшпелі өркениет дегеніміз — негізгі кәсібі мал шаруашылығы болып, күнкөрісінің көзі мал өнімдерінен тұратын, белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың әлеуметтік-экономикалық, саяси қауымдастығы және өркениеті.

Мұратхан: Көшпелі халықтар, оның ішінде ғұндар мен түркілердің тарихына ерекше мән беріп, оларды түбегейлі зерттеуге ықпалын тигізген тарихшы Л.Н. Гумилев болды. Сол туралы естуің бар ма?

Кенжебек: Ия, Ол Еуразия көшпелілерінің бұл құрлықтың тарихында алатын орнын өте жоғары бағалады.

Мұратхан: Қазақстан жерінде көшпелі мал шаруашылығы негізі қашан қаланды?

Кенжебек: Археолог К. Ақышевтің пікірі бойынша, Қазақстан жерінде көшпелі мал шаруашылығының қалыптаса бастауы қола дәуірінің соңы, темір дәуірінің басына, яғни б.з.д. IX—VII ғасырларға дәл келеді. Осы кезден бастап, Орталық, Батыс Қазақстан жерінде меридиан бойымен көшу, ал Шығыс Қазақстан мен Жетісуда қыста жазықтар мен қар аз түсетін таулардың қойнауын қыстап, жазда биік таулы жайлауларға көшу қалыптасқан. Оңтүстік Қазақстан аймағында ерте заманнан-ақ көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы шаруашылық пен тұрмыс орын алған екен.

4,8(26 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ