М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
МиланаЖиза
МиланаЖиза
12.04.2021 15:31 •  Қазақ тiлi

Написать текст на казаxском на тему күн

👇
Ответ:
dimaschastny
dimaschastny
12.04.2021
Күн — Күн жүйесінің орталық денесі, Жерге ең жақын жұлдыз. Күн – спектрлік класы G2V, абсолют жұлдыздық шамасы +4,83 болатын сары ергежейлі жұлдыз. Ол біздің Галактика центрінен 9 – 10 кпк қашықтықта орналасқан. Жақын жұлдыздармен салыстырғанда Күн 1,97х104 м/с жылдамдықпен Геркулес шоқжұлдызы бағытында қозғалады; Галактика центрін 230 млн. жылда бір рет айналып шығады. Бүкіл күн жүйесі массасының 99,866%-ы Күнде жинақталған. Жерден Күнге дейінгі орташа қашықтық 1,4961011 м.

Күн – қызған газды шар (центріндегі температура 107 К, тығыздығы 105 кг/м3). Күн ішінде өндірілетін энергияның орташа мөлшері 1,8810–4 Вт/кг. Күннен Жер орбитасы бірде алыстап, бірде жақындауына байланысты Күннің көрінерлік радиусы жыл бойы өзгеріп отырады. Күннің активтілігімен байланысты болатын магнит өрісінің кернеулігі Күн дақтарында 100 кА/м-ге жетуі мүмкін. Күнде өте кең тараған элемент – сутегі. Оның атомдарының санынан гелий атомдарының саны 7 – 8 есе аз, ал қалған өзге элементтердің саны сутек атомдары санынан 1000 есе аз. Күн құрамында басқа элементтерге қарағанда оттек, көміртек, азот, магний, кремний, темір басымырақ. Күннің тікелей бақылауға келетін сыртқы қабаттары, оның атмосферасын қалыптастырады.
4,7(98 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
PFAN
PFAN
12.04.2021

711-714 жылдары Пиреней түбегіндегі Вестгот корольдігіне арабтар өз үстемдігін орнатты. Бұл жерде арабтарды маврлар деп атады. Себебі олар Солтүстік Африкадағы Мавритания аймағынан келген болатын. Арабтар мұнда 756 жылы Кордова әмірлігін құрып, оны 929 жылдан бастап тәуелсіз халифаттық деп жариялады. Тек түбектің солтүстігіндегі шағын Астурия облысы ғана тәуелсіздігін сақтап қалған еді.

Кейін Испания деп аталған Вестгот корольдігінің арабтар иелігіне көшкен бөлігі гүлденген өлкеге айналды. Шаруалар бірсыдырғы жеңілдіктер алды. Соның арқасында Испанияның ауыл шаруашылығы жедел қарқынмен дами түсті. Арабтар бірсыпыра жаңа дақылдар өкеліп, өсіре бастады. Арабтар кеңінен қолданған суару каналдарының жүйесі егіншіліктің өркендеуіне септігін тигізді. Испанияда мал шаруашылығымен қатар қолөнер кәсібі де дамыды.

Альгамбра сарайы

Пиреней түбегінің арабтар үстемдік құрған жерінде қалалар да жедел дами бастады. Араб әмірлігінің астанасы Кордова қаласы Еуропаның аса ірі қолөнер, сауда және мәдени орталықтарының біріне айналды. Онда үлкен кітапхана мен университет болды. Медицина, математика, география ғылымдары дамыды. Араб Испаниясында көркемөнер мен әдебиет гүлденген кезде Батыс Еуропа мәдениеті әлі өте төмен деңгейде болатын. Арабтар Кордовада таңғажайып мұсылмандар мешітін, Альгамбра сарайын салдырды.

Реконкиста

Арабтардың, олар әкелген озық ислам дінінің табыстары католик шіркеуіне көзге шыққан сүйелдей көрінді. Сондықтан да бұл шіркеу иелері жергілікті христиан дініндегі халықты арабтарға қарсы айдап салып отырды. Бұл арабтарға қарсы күрес реконкиста деп аталды. Ол «қайтарып алу» дегенді білдіретін. Реконкистаның орталығы түбектің солтүстігіндегі христиандык Астурия, Галисия және Баскония иеліктері, сондай-ақ шығыстағы Испан маркасы болды. Реконкистаның барысында Пиреней түбегінің солтүстігінде Кастилия және Арагон, Пиренейде Наварра корольдіктері құрылды. Түбектің батысында Кастилиядан Португалия корольдігі бөлініп шықты. 1030 жылы Кордова халифаты бірнеше ұсақ тәуелсіз кінәздіктер мен әмірліктерге бөлініп кетті.

1085 жылы Леон мен Кастилияның королі VI Альфонс әскері Толедоны басып алды. Заллактағы шайқаста біріккен мұсылман әскері христиан жасақтарын талқандады. Арабтардың бұл жеңісі реконкистаны біраз уакытқа тоқтатты.

Алайда арабтар арасындағы алауыздық пен бытыраңқылық 1212 жылы олардың испандық-христиандық мемлекеттерден жеңілуіне әкеп соктырды. Арабтардың осы жеңілісінен кейін реконкиста қайта күшіне енді. Арабтар Пиренейдің қиыр оңтүстігіндегі Гранада әмірлігін ғана иемденіп қалды.

Испанияның бірігуі

1479 жылы Арагонның королі Фердинанд Кастилия ханшайымы Изабеллаға үйленді. Екі корольдік бірігіп, Испан королъдігі деп атала бастады. 10 жылдық соғыстан кейін, 1492 жылы Фердинанд пен Изабелланың біріккен әскері Гранаданы басып алды. Пиреней түбегі арабтардан қайтарып алынды. Осылайша реконкиста аяқталды. Пиреней түбегінде Испания және Португалия корольдіктері құрылды.

Испаниядағы корольдік билік әлеуметтік топтар өкілдерінің жиналыстарын өткізумен шектелді. Ол жиналыс кортес деп аталды. Кортес үш топтың өкілінен түрды. Бір топты - дін иелерінің, екінші топты - дворяндардың, үшінші топты қала тұрғындары мен шаруалардың өкілдері құрады.

Испанияда король билігі күшейе түсті. Ол феодалдардың билігіне біраз шектеу қойды. XV ғасырдың соңында король өкіметі ірі феодалдарды теңге шығару, ішінара соғыстар жүргізу құкыктарынан айырды. Көптеген ірі шонжарлардың жерін қазынаға алды.

Арабтар билігі кезінде еврейлердің тұрмыс жағдайы өте жақсы еді. Пиренейде испандық король билігі орнаған соң 1492 жылы еврейлер Испаниядан қуылды.

Католик шіркеуі

Пиреней түбегіндегі мемлекеттерде, әсіресе Испанияда католик шіркеуінің рөлі күшті болды. Реконкистаны өз мақсатына пайдалануға тырысып, шіркеу оны христиандардың мұсылмандарға қарсы діни күресі деп көрсетті. Дінбасылар реконкистаға қатыса отырып, арабтардан қайтарып алынған жерлерді өз иелігіне айналдыруға тырысты. Ол жерлердегі шаруалар аббаттар мен епископтарға тәуелділікке түсті. Ал дінбасылары сондай шаруалардан әскери құрамалар жасақтап, соғысқа аттандырып отырды.Католик шіркеуі Испаниядағы маррандар (еврейлер) мен морискілерді қуалады.Олардан христиан дініне кіріп шоқынуын талап етті.

Объяснение:

4,4(70 оценок)
Ответ:
iskandarova174
iskandarova174
12.04.2021

Қызыл кітап - өз алдына ерекше кітап. Қазақстан Республикасы Қызыл кітабында тіркелетін жануарлар 5 санатқа бөлінді. Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген бунақденелілер. Республикамыздың Қызыл кітабына тіркелген омыртқасыз жануарлар (жәндіктер) туралы дерек жоқтық қасы. Табиғаттағы тіршілік иелерінің үлкен-кішісі болуға тиісті емес. Сондай-ақ омыртқасыз жануарлар мен омыртқалы жануарлардың бірінсіз бірінің күні жоқ. Осы жайтты ескеріп, Қазақстан Қызыл кітабына тіркелген бунақденелілердің кейбір өкілдеріне тоқталуды жөн көрдік.

Мазмұны

1 Нәзікқұйрық инелік

2 Көркемше-инелік

3 Шолғыншы инелік

4 Ақтеңбіл дәуіт

5 Дала кергісі

6 Бұғықоңыз

7 Қызыл кітап

8 Дереккөздер

Объяснение:

4,6(59 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ