Объяснение:
Абайдың он сегізінші қара сөзі
Абайдың он сегізінші қара сөзі
ОН СЕГІЗІНШІ СӨЗ
А жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек - дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ - кербездің ісі.
Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі бет - пішінін, мұртын, мүшесін, жүрісін, қас - қабағын қолдан түзетіп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ. Біреуі атын, киімін «айран ішерім» деп, солардың арқасында сыпайы, жұғымды жігіт атанбаққа, өзінен ілгерілерге елеулі болып, өзі қатардағының ішін күйдіріп, өзінен кейіншілерге «әттең, дүние - ай, осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар екен?!» - дейтұғын болмаққа ойланбақ.
Мұның бәрі - масқаралық, ақымақтық. Мұны адам бір ойламасын, егерде бір ойласа, қайта адам болмағы - қиын іс. Кербез дегенді осындай кер, кердең немеден безіңдер деген сөзге ұқсатамын. Тегінде, а ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық.
Қазақстандағы кәсіпкерлік тақырыбы өте өзекті болып келеді. Өйткені кәсіпкерлік жоқ болса, нарықтық экономика да болмайды. Қазақстандағы кәсіпкерлік елеулі қиындықтарды бастан өткерсе де, әлсіз болып келеді. Ол заңмен қорғалады және дамиды. Дегенмен, кәсіпкерліктің әлеуметтік өндірістің жетекші саласы болатынына ешқандай күмән жоқ. Кәсіпкерліктегі қызығушылық табиғи және ақталған. Біздің көз алдымызда қоғамның жаңа экономикалық іргетасы қалыптасып жатыр. Жаңа жағдайларға бейімделуді, бастамашылық танытуды, еркін еңбек қызметін көрсете білуді қалап, өз кәсіпкерлігін жасауға тырысатын адамдар күннен күнге көбейіп жатыр. Бұған қоғамды демократияландыру және экономикалық белсенділік ықпал етеді.