М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Zver7777
Zver7777
10.07.2020 14:30 •  Қазақ тiлi

Скиньте сочинение по каз яз "ғабит мүсірепов"

👇
Ответ:
aadfgjrv
aadfgjrv
10.07.2020
Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы (1902-1985) - қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, әдеби сыншы, аудармашы, Социалистік Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР Ғылым академиясының Абай атындағы және Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты. Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген. Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат таныған. Ғабит жастайынан әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебінде, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебін бітірген. Қазақ төңкерісінен кейін үстемдік алған Кеңес өкіметінің жұмысына әжептеуір орысша сауаты бар адам ретінде араласып, түрлі қызмет атқарған. Орыс мектебінде жүргенде орыстың атақты ақын жазушыларының шығармаларын оқып білуі, ауыл мектебінде өзін оқытқан әдебиетші мұғалім Бекет Өтетілеуовтың әсер ықпалы болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына септігін тигізеді. 1923-26 жылдары Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне (рабфак) оқуға түсіп, оны бітірісімен Омбыдағы ауыл шаруашылық институтында оқыған. 1927-1928 жылдары - Бурабай орман шаруашылығы техникумында оқытушы, 1928-1933 жылдары Қазақ мемлекеттік ба бас редакторы, 1934-1938 жылдары «Социалистік Қазақстан» (Егемен Қазақстан) газетінің редакторы, Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты өнер секторының меңгерушісі, Қазақ өлкелік комитетінің ба з бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Компартиясы саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1938-1955 жылдары бірыңғай шығармашылық жұмыстармен айналысқан. 1956-1957 жылдары - «Ара» - «Шмель» журналының бас редакторы, 1957-1985 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы, КСРО Жазушылар одағы басқармасының хатшысы қызметтерін атқарған. 1958 жылдан КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, өнер және сәулет салалары бойынша Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комитеттің мүшесі болған. Ғ.Мүсіреповтің тұңғыш повестерінің қатарына «Тулаған толқында» мен «Американ бидайығы» шығармалары жатады.
4,7(48 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
sergsjvashhuk
sergsjvashhuk
10.07.2020

Объяснение

:Қазақстан- небір зобалаңды, небір қиындықты бастан кешірген мемлекет. Бірақ, әрдайым ғасырлар көшінде жасап, гүлденіп, тағдырдың тартысымен арпалысып келеді. Соның нәтижесінде, қазақ - тәуелсіздігін алды, бейбітшілікке қол жеткізді. Ал, оның негізі, түп-тамыры- xалықтың бірлігінде, татулығында, біртұтастығында .  Қазақ елінде татулығы жарасқан 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Олардың барлығының жүрегінде бір ел, бір арман, бір сенім және барлығы да Қазақстанмен байланысқан. Еліміздің шаңырағында алаңсыз өмір сүруіміз бірінші Алланың, екінші xалқымыздың еңбегінің жемісі. Егер, арманы мен мақсаты қиылысқан, кемел келешекке бір көзбен қараған, ынтымағы мен  бірлігі ұштасқан ұлттар болмаса, республикамыз мұнша жасамас еді.Дегенмен, әлем елдері қызғана да, қызыға да қарайтын мемлекетіміз көк аспанның астындағы бейбіт өмірінің тұғырын биік ұстауда. Себебі, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын алтын асықтай ұлдары, күміс қасықтай қыздары, данагөй қарттары бар! Еліміздегі бірлікті мақтана да, тамсана да ән-жырымызға қосуға болады! Жыл сайын дүркіретіп атап өтілетін 1-мамыр ұлттар достастығы мерекесі айқын мысал емес пе?! Сондықтан да, елімнің жанашыр патриоты ретінде Қазақстанымның әр жетістігін , әр бақытын кеудемді көкке көтере айтуға міндеттімін. Татулық пен ынтымақтың не екенін көріп өскеннен кейін, оның жалғастырушысы болу да- біздің азаматтық парыз. Ата-бабаның маңдай терімен, төккен қанымен келген киелі аманатқа тәуелсіз елдің ұландары қиянат жасамайды деп ойлаймын!

4,8(72 оценок)
Ответ:
холера678
холера678
10.07.2020

Ребустың шешуі: ЕСІМДІК.

Есімдіктер - заттың атын, сынын, санын,олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы. Есімідіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады.

Мағыналарына қарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді:

1. жіктеу есімдіктері - мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар.

2. сілтеу есімдіктері - бұл, осы, сол, анау, мынау, сонау, осынау, ана, мына, сона, әні, міне.

3. сұрау есімдіктері - кім? не? неше? қай? қандай? қанша? қалай? қашан?

4. өздік есімдігі - өз.

5. белгісіздік есімдіктері - біреу, кейбіреу, кейбір, қайсыбір, әрбір, бірнеше, бірдеме, әркім, әрне, әрқайсы, әрқалай, әрине, әлдекім, әлдене, әлдеқайдан, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқашан.

6. болымсыздық есімдіктері - еш, ешкім, ешбір, ештеме, дәнеңе, ешқашан, ешқандай, ешқайсы.

7. жалпылау есімдіктері - бәрі, барлық, барша, бар (бар адам), күллі, бүкіл, түгел.

4,8(64 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ