Қазақстанда құстардың 20 отрядқа жататын 505 түрі бар.Соның бірі Сары құтан.
Сары құтан ( Ardeola ralloides) - өзінің таралу аймағында саны кеміп бара жатқан сирек кездесетін түр.
Қазақстандв Еділдің атырауы мен Жайықтың төменгі ағысында ұялайды, бұрын аздап Сырдарияның сағасында мекендейтін. Солтустік Каспийдегі жалпы саны 2 мыңдай.Өзендер мен көлдердегі қамысты қапаларды мекендейді. Санының кемуіне әсер ететін факторлар - су жүйесінің өзгеруі, аңшылық, ұяны жыртқыш құстардың бұзуы, мекенін адамдардың мазалауы.
Бұл түрдің ұялайтын аймақтарын маусымдық қорыққа айналдыру қажет.
Наурыз туралы диалог.
- Сәлеметсіз бе, Алма!
- Қайырлы күн, Перизат! Ұлыстың ұлы күні - Наурыз құтты болсын!
- Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
- Айтқаныңыз келсін! Бүгін не істейсіздер?
- Отбасымызбен алаңға шығып, мерекелік іс - шараны көреміз. Балалар алтыбақан тебеді. Киіз үйлерге кіріп, наурыз көже, шелпек пен бауырсақтан татып көреміз. Өздеріңіз ше?
- Біз бүгін үйде наурыз көже дайындаймыз. Кешкісін біздің үйге соғыңыздар, дастарқан жайып, мерекені бірге тойлайық?
- Көп рахмет. Әрине, келеміз.