1941 жылы 22 - маусымда гитлерлік Германия КСРО - ға опасыздық пен шабуыл жасады. Сол күні кеңес үкіметі халықты Отан қорғауға шақырды. Майдан даласына қаншама қазақ азаматтары да белін бекем буып өз ұрпағының келешегі үшін аттанды...
Сол сұрапыл сұм соғысқа менің атам Сәрсенов Жеңсікбай Аманұлы 1943 жылы аттанған екен. Менің атам Сәрсенов Жеңсікбай 1926 жылы қаңтар айының бірінші жұлдызында Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қарашоқат бекетінде дүниеге келген. Ата - анасы шаруа адамдары болған. 17 жасқа толғанда әскерге алыныпты. Алғашында 2 ай бойы Орынбор қаласында мылтық атуды үйреніп, жаттығудан өткен. Осы жылы Минск қаласында шайқасқа қатысыпты. Ол кісі көзінің тірісінде балаларына бар білгенін, ақылын аямай санасына сіңіруге тырысатын. Бізге ертегі боп көрінетін соғыс жайында сұрағанымда жанарына бір мұң ұялап, терең күрсініспен сөзін іркіп - іркіп бастайтын. «Балам - ау, соғыс жақсы емес қой, әскерге 1943 жылы аттандым. Екі айдан соң 95 – ші полкке жіберді, оған екі жүзге жуық бала болып бардық, бәрі де өте жас болатын. Москвадан кетіп Воронеж деген қалаға жақындағанда немістің алты самолеті составты атқылап көп адамымыз шығынға ұшырады. Қалған жүзге жуық жаралысы бар, сауы бар жауынгерді қалың тоғай арасымен жаяулатып екі күн дегенде 127 - ші полкке әкеп қосты. Үш күн өткеннен кейін мені командиріміз дивизияға жіберді. Онда мен пулеметчик қылды. Соғыс зардабы кім - кімге де ес жиғызған жоқ. 1945 жылы соғыс аяқталса да, соғыстан кейінгі уақыт ең қиын кезеңдердің бірі болды. Қаншама жауынгерлер жаралы оралса, қаншама адамдардың үйіне күн сайын қара қағаздар жіберіліп жатты...» Атам жанарын бір нүктеге қадағандай қатты да қалды. Бейне бір майданды кино лентасынан көріп тұрғандай... көз алдына елестеп те кеткен болар.
Еліміз «Мәңгілік Ел» болу үшін - Тіл бірлігі, Дін бірлігі, Ұлт бірлігі, Азаматтық бір мақсат, бір мүдде деген басты төрт факторды қамтамассыз етуіміз керек. Біріншіден, тіл бірлігінің мысалы Еуропа елдерінде де, әлемнің басқа құрлықтарында да жеткілікті. «Қазақстан» деген атаудың өзі халықаралық терминде «Қазақ елі» дегенді білдіреді. Ал, мемлекетке өз атауын берген, төл халқының саны 65 пайызға жеткен қазақ жұрты тұрғанда, басқа азшылдық диаспоралардың тілі ешқашан елді біріктіруші фактор бола алмайды. Бұл туралы Елбасы Қазақстан халқына кезекті Жолдауында:– «Қазақ тілі ғылым мен білімнің, ғаламтордың тіліне айналды. Қазір мемлекеттік тілде білім алатындардың саны көбеюде. Қазақстанда тілді оқытатын 57 арнайы орталық жұмыс істейді. Онда мыңдаған азаматтар қазақ тілін үйреніп шықты және әрі қарай үйрене береді», - деді. Елбасы келтірген дерек бойынша, былтырғымен салыстырғанда тілін білуге талпынғандардың саны 10 пайызға өсіп отыр. Бұл өте жақсы жетістік. Сонымен қатар, біраз жайттан да хабар береді. Айта кететіні, тілге жыл сайын бөлінетін қаржы да өте қомақты. «Тек соңғы үш жылда мемлекеттік тілді дамытуға республика бойынша 10 млрд. теңге бөлінді. Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ғана қадам қалды. Ана тілі мәңгілік елімізбен бірге мәңгілік тіл болуы. Сондай-ақ, қазақ тілін даудың тақырыбына емес, ұлттың ұйытқысына айналдыра білуіміз керек. Әрбір азаматтың тілді жетік меңгеруіне қатысты атқаратын жұмыс мол. Біздің тіліміз мемлекеттің барлық жүйесінде қолданылуы керек болуы үшін бәріміз ат салысып, өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек» деп ойлаймын
Объяснение: