Сөз iшіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады. Қазақ тілінде сөз екпіні, негізінен, соңғы буынға түседі. Мысалы: Бала далада ойнап жүр. Сөз ішіндегі екпін дауысты дыбысқа түседі.
Ой екпіні — сөйлемдегі бір сөздің көтеріңкі дауыспен айтылуы. Ой екпіні тұрақты емес. Мысалы, Бүгін әкем ауылға кетті. Әкем ауылға бүгін кетті. Бүгін ауылға әкем кетті.
Тіркес екпіні — бірнеше сөздің тіркесе, тізбектеле біртұтас екпінмен бөлектене айтылуы. Бұл көбінесе күрделі сөздерге, негізгі және көмекші сөздердің тіркесіне тән. Мысалы: мектепке дейін, әке-шеше, әдет-ғұрып т.б.
Дыбыс екпіні — сөз ішінде дыбыстың бөлектеніп, көтеріңкі дауыспен немесе созып айтылуы. Мысалы: по-ой-па-ай, та-ма-ша! Дыбыс екпіні көңіл-күйін білдіретін сөздерді айтуда жиі қолданылады. Айтылуда сөйлеушінің эмоциясын білдіреді.[2]
Ақсақалды, ақ шапанды қария,
Туған жерім - құт мекенім, дариям,
Егеменді елім, туым, әнұран,
Қанатымды қағып ұшқан жанұям.
Осы жолды аңсап еді еліміз,
Ар-намысты батыр туған жеріміз.
Мақтан етер бай мұрасы, салты бар,
Мен сүйетін қалың қазақ, халқым бар.
«Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір,