Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан атамекенім бар, ол – тәуелсіз Қазақстан, яғни мен егеменді Қазақ елінің азаматымын. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.
Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар Қазақстан әлемге әйгілі өте бай ел. Ұлан - байтақ далада төсін кеңге жайған, табиғаты әр алуан жан -жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тулаған толқынды теңіздері бар, әсем қалалары бар достығы жарасқан бейбіт елде тұрып жатқанымды мақтан етемін..
"Ер татулығы - ел татулығы" демекші, Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында жыл өткен сайын еліміз қарқынды дамып келеді. Қазақстанның әлемдік картада өзіндік ерекше орны мен мәртебесі бар. Қазақстандай дархан елде қаншама ұлт өкілдері тату - тәтті, бейбіт өмір сүріп жатыр.
Осындай кең байтақ жерде дүниеге келіп, батыр бабаларымыздың ұрпағы болғаным - мен үшін үлкен мақтаныш. Болашақта ер жетіп, Отанымның саясаты мен экономикасының дамуына бар күш - жігерімді арнағым келеді.
Сондықтан менің тілегім - еліміздің аспанында әрқашан бейбітшілік қыраны қалықтап, туған жеріміз одан әрі гүлденіп, көркейе берсін!
1. Мен география пәнін ұнатамын. Себебі география- өте қызықты пән. Маған жер шарының құрылысы, материктер мен жердегі адамдар туралы оқыған ұнайы . (Я люблю география , потому что мне нравится читать о земном шаре, о материках, и о людях , что живут на земле.) 2. Мен математика пәнінен аздап қиналамын. (У меня небольшие проблем с математикой) 3. Қазақ тілі- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Бұл тілді білу әрбір қазақстандықтың міндеті. (Казахский язык- государственный язык Казахстана. Знать казахский язык - долг каждого казахстанца. ) 4. Ағылшын тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Мұғалім оқушыларды қызықтыра біледі және көптеген мәліметтер балаларға түсінікті етіп жеткізеді. (Уроки английского языка всегда проходят интересно. Учительница хорошо объясняет тему . )
Жалпы қазақ әдебиетінің зерттелуі де, жоғары дәрежелі оқу орындарында пән ретінде өтілуге тиісті материалдарды сұрыптауы да совет үкіметі кезінде, дәлірек айтсақ, 20-30 жылдардың бер жағында ғана қолға алынды. революцияға дейінгі шығыс халықтарының тұрмыс-салты, тарихы, тілі, әдебиетімен шұғылданушы орыс авторларының еңбектеріне көз жіберсек, олар қазақ ішінен өздері жинаған әдеби нұсқаларының бәрін ауыз әдебиеті сапында қарап, сол тұрғыдан бағалайтындықтарын көреміз. ол авторлардың жинаған, бастырған еңбектерінде xviii - xix ғасырлар әдебиеті тарихына жататын ақындардың аттары да, шығармалары да кездеседі. бірақ тарихи әдебиет өкілдерін ауыз әдебиетінен бөліп алып қарау байқалмайды. мысалы, в.в.радловтың «түрік рулары әдебиетінің нұсқалары» деп аталатын көп томды кітабының ііі томында (1870 ж.) жанақ пен түбек, орынбай мен шортанбай т.б. бар. тек хх ғасырдың бас кезінде «қырғыз поэзиясы туралы» деген в.н.белослюдовтың мақаласында ғана хіх-хх ғасырлардағы тарихи әдебиет, жазба әдебиеттерден ауыз әдебиетін бөле қарап, жазба әдебиеттің нағыз өкілдері кімдер екендіктері арнайы сөз болады.
Менің елім.