Наурыз мерекесі . Өткен ғасырда Наурыз мерекесі дәл бүгінгі күнгідей тойланбаған екен . Наурыз мерекесін , тіпті , ата - аналарымыз тойлау керек екенін білмегенін айтады . Ол кезде Наурызда тек әйелдер мерекесі тойланыпты . Мамыр айында ынтымақ күні , Жеңіс күні мейрамдары болған . Ал , қазір Наурыз мерекесі өз мәнінде тойланбай жүр деп айта алмаймын . Наурыз айы келісімен біз дайындықты бастаймыз . Отбасында ауланы , үй ішін тазарту , ағаш отырғызу , арықтардың көзін ашу сияқты жұмыстарды орындасақ , мектепте мәдени жұмыстармен айналысамыз . Би үйрену , өлең жаттау , ән айту , ұлттық спорт ойындарына дайындаламыз . Орталық алаңда үй тігіліп , дастархан жайылып , үсті ұлттық тағамдармен толтырылады . Мен өз мәнінде тойланбай жүр деген пікірмен келісе алмаймын .
Әрбір адам мүмкіндігінше дәрумендерді пайдаланынп тұрғаны дұрыс, маусым арасында адам ағзасы дәрумендерді аса көп қажет етеді. Мүмкіндігінше табиғи дәрумендерді қолданған дұрыс. Табиғи дәрумен дегеніміз – жеміс – жидек, көкөністер. Дегенмен, оларды қолданған кезде де маусымына қарай пісетіндерін қолдану керек. Жеміс-жидек пен көкөністер әрқайсысында өздеріне тән, ерекше дәрумендері болады. Бірінің құрамында С витамині басым болса, енді екіншісі А витаминіне бай, басқасы асқазанға, жүрек жұмысына, ас қорытуға т.б. пайдалы. Біздің үйімізде маусымына байланысты түрлі жеміс тер көкөністер жиі қолданылады.
Әр түрлі көкөністер, жеміс - жидектер мен тағамдардың құрамында өздеріне тән ерекше дәрумендері болады. Маусымарасында ағзамызға дәрумендер жетіспеген уақытта қажетті көкөніс немесе тағамды пайдалану арқылы ағзамызды дәрумендермен байыта аламыз. Сонымен қатар, айта кететін бір жайт - қазақ халқының сүт тағамдары дәрумендерге ерекше бай. Мысалға, ұлттық сусын қымыздың бір литрінде 200-260 мг С дәрумені бар екен. Қымызда сонымен қатар сөл бөлу және жүрек жұмысын жақсартатын В тобындағы В(1), В(2), В(3), оның ішінде қанның жасалуына қатысатын В12 дәрумені және ағзадағы тотығу-тотықсыздану реакцияларына әсер ететін С тобы дәрумендері, сондай-ақ, А тобы дәрумендері кездеседі.
Объяснение:
қызықты оқиға (интересная история)
жаңа дəптер (новая тетрадь)
қызыл түс ( красный цвет)
қара қалам ( черная ручка)
көк аспан ( синее небо)
ұзын шаш ( длинные волосы)
көрікті қыз (красивая девушка)
ескі үй ( старый дом)
қойын дəптер (общая тетрадь)