М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
kmelashenko
kmelashenko
23.08.2020 15:13 •  Қазақ тiлi

Азақ тілі.​ 5 класс. 1 -тапсырма 30- 2-такырып.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
masha859689
masha859689
23.08.2020

Мағауин Мұхтар Мұқанұлы 2.2.1940, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы — жазушы, әдебиет зерттеушісі, ғалым. Мемлекет сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1996). ҚазМУ-ды (1962), осы университеттің аспирантурасын бітірген (1965). 1965 — 86 ж. «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, «Жазушы» ба Жалын» альманағында бас редактордың орынбасары, Әдебиет және өнер институтында, ҚазПИ-да аға ғылым қызметкер, доцент, «Жазушы» ба бас редактор қызметтерін атқарған. 1988 жылдан «Жұлдыз» журналының бас редакторы. «Кешқұрым» атты тұңғыш әңгімесі «Жұлдыз» журналында жарияланды (1964). Соғыстан кейінгі ел өмірі бейнеленген

«Ақша қар» (1969);

«Бір атаның балалары» (1973);

«Қияндағы қыстау» (1977);

«Көк кептер» (1979) әңгіме, повестер жинақтары мен;

«Көк мұнар» (1971);

«Шақан шері» (1984).

романдары басылып шықты. Қазақ халқының көрші мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынасы тарихи-көркемдік тұрғыдан тұңғыш рет суреттелген «Аласапыран» тарихи дилогиясы 1981—83 ж. жарық көрді. Романда қазақ ордасын Тәуекел хан басқарған тұстағы (16 — 17 ғ-лар) қоғамдық-әлеуметтік жағдай көрініс тапқан. Хан мұрагері Ораз-Мұхаммед пен оқымысты Қыдырғали Жалайыридың, Едіге би ұрпағы Петр Урусовтың көркем бейнелері сомдалған. Томан би, Манақ батыр, Ділшат, Ай-Шешек бегім, секілді кейіпкерлерді суреттеу арқылы қаламгер Ораз-Мұхаммед тұлғасын даралай түседі. Романда көшпелі тұрмыс көріністері, аңшылық, саятшылық сынды ұлттық дәстүрлер көрініс тауып, Қазақ хандығының Ресей, Иран, Бұқар, Сібір хандықтарымен өзара қатынастары, ішкі-сыртқы саяси жағдайлары сипатталған. Жазушы шығармаларында 20 ғ-дағы ауыл, қала тұрмысы, түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің тағдыры психология-философия тереңдікпен көркем бейнеленген. «Қобыз сарыны» (1968) монографиясында хандық дәуірде өмір сүрген ақын-жыраулар шығармаларын (15 — 18 ғ-лар) жүйелі түрде талдады.

4,4(49 оценок)
Ответ:
zarina11653
zarina11653
23.08.2020

Атаның атын былғаған жетесіз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырылдап тумағаны жақсы. Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді», – дейтін ұлы бабаның нақыл-өсиет сөздерінде өткен заман кескіні, үй-тұрмыс жағдайы, ата-ана, ұл мен қыз, күйеу бала, табиғат көрінісі, хайуанаттар тіршілігінен түсінік беріп, өмір туралы философиясы мен ажалмен алысқан аңыздарында оптимистік сарын бар.Адам жақсы істің жалғасын біліп, дүниені көркейтуге өз үлесін қосуы, дарынын шабытпен шалқытып, адамдарды біріктіре білсе тектілік танытқаны. Бұл болмыста өмір сүре білу дегеніміз әлеуметтік шындықтағы қиындықтарды белсенді түрде жеңе білу, мүмкіндігінше тіршілікпен үйлесімділікті орнатуға атсалысуы. Бұл іс- әрекеттегі ұқыптылық -адамның үлкен өмірдің алдындағы жауапкершілігі.

4,7(4 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ