1.Баты-тілі көркем ізгі тілек түрінде айтылатын қысқа әрі мәні терең сөз
2.Батаның түрлері бар. Ас батасы асты үстелге әкелгенде немесе ас ішіп болған
соң берілетін бата. Ас батасы тамақ ішкен сайын беріледі. Рамазан батасы үш күнгі
ораза айтта айтылатын ізгі тілек, жақсы ниет. Жол батасы ұзақ жолға шыққанда
беріледі. Жолға шығарда үй иесі көршілерге, туыстарға тамақ беріп, үлкен ақсақалдан
бата алады. Тілек-бата үлкендер жастарға риза болғанда, реті келген жерде қолын
жайып беретін батаның түрі.
3.«Бата адамға күш береді, жолын аша-
ды, жаман күштерден сақтайды» деп сенген.
4.
Менің мектепте ұнататын сабағым қазақстан тарихы. Біз қазақстан тарихынан қазақстан және тағы басқа елдер туралы көп біле аламыз. Және оның көмегімен ата-бабаларымыз туралы да көп мағлұмат ала аламыз.
Келесі менің ұнататын сабағым ағылшын тілі. Ағылшын тілінен де біз көп нәрсе түсінеміз.Ағылшын тілін жақсы меңгеріп алсақ біз шет елдерге оқуға түсуге мүмкіндігіміз болады.
Және де менің тағы бір жақсы көретін сабағым ол математика пәні. Математика пәні біздің өмірімізге өте керек пән. Математика пәні бізге дүкенге кірсек те, және тағы басқа жерлерде керек пән.
Айналамыздағы таңғажайып көріністерге кей кезде қарап тамсанамын. Бізді қоршап тұрған жасыл желектен өзге сан түрлі тылсым дүниелер қызықтырады. Әрбір адам бойына қуат береді. Ол сұлулық пен әсемдікті шашатын ғажайып құбылыс. Ырыс пен қазынаның қайнар көзі болғандықтан, халқымыз «Табиғат – адамзаттың өмір нәрі, қажетінің табылар содан бәрі»- деп бекер айтпаған.
Табиғатта болып жатқан сан түрлі құбылыстарды біз өзімізбен байланыстырамыз. Оның таза ауасын рахаттана жұтамыз. Мұның өзі а ң табиғатпен тығыз байланыста екендігін білдіріп тұр емес пе? «Табиғат – алтын бесігім» деп айтқандай, ғажайып жаратылысының мына жарық әлемге өз нұрын шашады. Мөлдір таза тұнық бұлақтардың сыбдырын, құстардың әсем үнін, әлемнің нұр сыйлаған жарық күнін естіп – көріп жатамыз. Тылсым табиғаттың құпия сырларына үңіле түссек, өміріміз шаттыққа тола бермек. Табиғаттың адамға берер пайдасы мол және жер анамызға табынамыз.
Табиғатымызды одан әрі көркейту, жайқалту бәріміздің қолымыздан келеді. Сондықтан бәріміздің міндетіміз – табиғатты қорғау, аялау.