Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы – Көкшетау», «Жер жаннаты – Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген. Адам табиғаттын бір бөлшегі болып табылады. Табиғатты қорғау, табиғатты сақтау болашақ жастар біздің қолда.
Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда, а үшін табиғат – кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы табиғат-анаға қарыздар. Сондықтан да Табиғатқа немкетті қарау, онымен санаспау – ана сүтін ақтамағанмен пара-пар. А Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.
Жүзден - жүйрік, мыңнан - тұлпар.
Қазақ халқы қашаннан да жылқы малын ерекше қастерлеп, пір тұтып, қасиетті жануар санаған. Мұның дәлелі ретінде жылқы малына қатысты көптеген мақал - мәтелдер (мысалы: "Жақсы аттың жал-құйрығы, Әрі жібек, әрі қыл. Жақсы жігіттің белгісі, Түзде мырза, үйде құл" немесе "Жақсы аттың артынан құнан ереді, Жақсы жігіттің артынан ұлан ереді"), аңыз - әңгімелер, шығармалар, өлең-жырлар, ертегілер өте көп.
Қазақ халқы үшін жылқы малдың патшасы саналған, оның себебі Жылқы - көшіп-қонуға төзімді әрі ыңғайлы, қысы-жазы жем-шөп тілемей жайылады. Оның азығы (жемі, шөбі) өзге малдан әлдеқайда асыл.Сол себепті де оның еті де,сүті де денсаулыққа шипалы екендігі ерте кезден ақ белгілі.
Бұрынғы кезде аңыз – дастандарды оқысақ, батырлардың жылқыларының аты болған екен. Қобыланды батырдың Тайбурылы, Алпамыс батырдың Шұбар деген аты болған. Бұл аттар жәй аттар емес, жүйрік, сұлу, әрі батырдың ең жақын досы бола білген.
Аталарымыз “Ат ердің қанаты”, “Мінсең - көлік, жесең - ет” деп жылқы малын аса жоғары бағалаған. Сонымен қатар жылқылар бізді қауіптерден қорғайды екен. Бұрындары ата - бабаларымыз "жылан жоламасын" деп қастарына жылқы байлап жатқан екен. Осындайды естуіңіз бар ма?