Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының ғылыми қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан тарихшыларының Республикалық семинар-тренинг жұмысының материалдар жинағы шығарылды.
Жинаққа 2013 жылдың 12 қаңтарында Астана қаласында өткізілген «Қазақстанның қазіргі заман тарихы: өзекті мәселелер және тарихнама. Қазақстан тарихын кезеңдеу туралы» Республикалық семинар-тренингінің материалдары енгізілді.
Жинақ екі тараудан тұрады: «Қазақстан тарихы бойынша зерттеу жұмысын дамытудың тұжырымдамасы туралы» и «Қазақстан тарихын кезеңдеу туралы»).
Семинар-тренингте отан тарихының тарихнамасы, кезеңдеу бойынша өзекті мәселелер қарастырылды. Ғалымдар баяндамаларына патриоттық сана және ұлт рухы, отан тарихы мен тарихнамасын зерттеудің жаңа бағыттары, тарихи сана, аймақ тарихының рөлі, теориялық аспектілері және Қазақстан тарихын кезеңдеуге байланысыты ғалымдардың түрлі көзқарастары жөніндегі тақырыптар арқау болды.
Негізгі мәселелер Қазақстан тарихын зерттеу тұжырымдамасын айқындау негізінде қарастырылды.
Достық - адамдардың бір-біріне мүлтіксіз сеніп, ортақ көз қараста болатын қасиеті. Менің достарым өте көп. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың рухани белгісі. Дос-жарандарымыздың әр түрлі мінезді болуы мүмкін. Достың біреуі жақсы мінезді болса, екіншісінің мінезі қызбалаң болса онда оны нағыз досқа айналдыруға болады. Дұрыс дос таңдай білу - өмірлік мақсаттың бірі. Достық бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Әр адам біреумен достасқан кезде, достықты берік сақтау керек. Адам шынайы дос болса, онда оның достары да өте көп болады. Адамның досы болмаса ешқашан жалғыз сезінбейді. Адамның досы болмаса ешқашан көңілді жүре алмайды. Досың жоқ болса, тұссыз ас ішкендей. Адам өзін жалғыз сезінбеу үшін дос тауып, ол досымен бірге өмір бойы адал дос болу қажет.
Болымды және болымсыз етістік
Етістік мағынасына қарай болымды және болымсыз болып бөлінеді. Істің болғанын, болып жатқанын, не болатынын білдіретін етістіктің түрін болымды етістік дейміз. Мысалы: Мен сабақ оқыдым. Мен сабақ оқып отырмын. Мен сабақ оқымақпын.
Істің болмағанын я болмайтынын білдіретін етістіктің түрін болымсыз етістік дейміз. Етістіктің болымсыз түрі болымды етістікке жұрнақ жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Мұны жазған адамның өзін білме, сөзін біл дегендегі білме болымсыз етістігі-ме жұрнағы арқылы біл деген болымды етістіктен жасалған. Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарай кісіні ал дегенде алма болымсыз етістігі оның ал деген болымды түрінен ма жұрнағы арқылы жасалып тұр.
Болымсыз етістік — қимыл, іс-әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдеретін етістік. Қимыл, іс-әрекеттің яғни етістік білдіретін мағынаның жүзеге аспауы, болмауы арнайы грамматикалық амал-тәсілдер арқылы беріледі. Ол етістіктің негізгі, туынды, күрделі түбірлеріне, етіс, күшейтпелі етістік тұлғаларына -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе қосымшасы қосылу арқылы жасалады да, тек етістіктің болымсыз түрін жасап қоймайды, болымдық мәнге қарама-қайшы болуы, оппозициялық сипаты және соған сәйкес грамматикалық жүйелі тұлғасы болу арқылы етістіктің болымсыздық категориясын жасайды. Болымсыздық категориясының бірден-бір тұлғалық көрсеткіші -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе болымсыздық тұлғасы. Атап айтқанда, есімшенің -ған, -ген, -қан, -кен тұлғасы етістікке жоқ модаль сөзі, есімшенің, —ған, -ген, -қан, -кен, -атын, -тін,- йтын,-йтін, -ар, -ер, -р, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек тұлғалы негізгі етістіктерге емес көмекші етістігі (құрамы: е көмекші етістікке -ме болымсыз етістік тұлғасы мен -с болымсыз есімшенің қосымшалары қосылған) тіркесіп жасалады. Болымсыз етістік етістіктің лексика-грамматикалық категориясы болып табылады. Себебі, біріншіден, бұл категорияның қосымшасы етістік түбірге жалғанғанда, түбір семантикасына аздап болса да әсер етіп, өзгеріс еңгізеді, яғни түбір беретін мағынаның болмайтынын білдіреді, екіншіден, етіс категориясы сияқты түбірдің грамматикалық сипатын сақтап қалады:
1.Бұйрық райдың 2-жақ жекеше анайы тұлғасымен сәйкес келіп, тікелей жіктелмейді;
2.Сол күйінде қолданылмайды, етістіктің таза грамматикалық категорияларын жасауға негіз болады: рай, шақ, есімше, көсемше және тұйық етістік тұлғалары тек болымсыз етістік тұлғасының үстіне ғана жалғана алады, көрісінше болмайды.
Болымсыз қосымшалары (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) етістік түбірлері және етістік түбірлерінің грамматика сипаты тән (тікелей жіктелмейтін, бұйрық райдың 2-жақ жекеше, анайы түрімен сәйкес келетін) етіс, күшейтпелі етістік сияқты тұлғалары мен рай, шақ, жақ тәрізді етістіктің таза грамматика категорияларының шекарасын көрсетіп тұратын белгі ретінде жұмсалады (Ы.Маманов). Күрделі етістікте болымсыз форма бірде негізгі етістікке жалғанса, бірде көмекші етістікке жалғанады: айт-па-й жүр, сөй-ле-ме-й қалды, бер-ме-п еді және айтып жүр-ме, сөйлеп қой-ма, беріп жібер-ме т. б. Әрине, бұлар қимыл, іс-әрекеттің болымсыздық мәнін білдірумен бірге негізгі немесе көмекші етістікке жалғануда белгілі стильдік мән білдіреді, егер болымсыздық форма екі етістікке де әрі негізгі, әрі көмекші етістікке бірдей жалғанса, онда ол болымды мәнді білдіреді де әдеттегі болымдыдан өзгеше ерекше стильдік бояуы болады: айтпа-й қой-ма-ды, жаз-ба-й отыр-ма-ды, сұра-ма-й кет-пе-ді т.б.