Менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. Ақын С.Торайғыров ана тілімді:
Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.
--Сенің туған жеріңнін табиғаты қандай?
-- Менің туған жерімнің табиғаты әдемі.,ауасы таза.
Туған жеріңде орман, көл бар ма?
, --Менің туған жерімде орман да көл де бар.
--Орманның ішінде нелер бар?
--Жазда қарағайлы орманның ішінде көп саңырауқұлақтар болады.Жидектер мен өсімдіктердің түрі көп өседі.
--Ал туған жеріңнін көлі қандай ?
--Біздің көл үлкен.суы мөлдір.Сондықтан бұл жаққа көп адамдар демалысқа келеді.Көлдің жағасында жаз бойы рахаттанып ,таза ауамен дем алады.Міне менің туған жерімнің табиғаты осындай тамаша !Маған менің туған жерімнің табиғаты өте ұнайды.