-сәлем, Диана! -Сәлем, Әсем! -9 мамыр Жеңіс күніне орай қандай көрініс қойғалы жатырсыңдар? -біз женіс күніне қазақтың майталмандарына арнап көрініс қоямыз. -Әсем сен қандай рөлді сомдайсың? -Мен Мәншүк Маметованың рөлін сомдап шығамын! -Қандай тамаша! Сендер не істейсіңдер? -қандай тамаша! Бізде әртүрлі плакаттар жасап, көрмеге қойғалы жатырмыз. -Керемет! Саубол Асем Саубол Диана
«Көркем әдебиеттің тілі туралы», М. Әуезовтың мақаласы. Мақала «Социалистік Қазақстан» газетінің 1954 жылғы 24 ақпандағы 46-санында жарияланған. Бұл макаланың ұлғайтылған толық түрі «Тағы да көркем әдебиет тілі туралы» деген атпен жарық көрді.
Қолжазбалары жазушы мұрағатында сақтаулы (№224-п.). Мақала тілші ғалым М. Балакаевтың «Көркем әдебиеттің тілі жайында» («Социалистік Қазақстан», 1953, N»273) атты сын мақаласына жауап ретінде жазылған. Профессор М. Балақаев әдеби тілдің ерекшеліктеріне тоқталып,грамматикалық заңдылықтар тұрғысынан «Абай жолы»романындағы кейбір жеке сөйлем, сөз тіркестеріне сын айтып, жазушы «шеберлігі соңғы кездерде еркіндікке айналып, оның тілі халық тілінен қашықтап барады. Кей жерде сөздерді орынсыз, ретсіз тіркестіре салу, сейлемдерді ұзақ, ауыр етіп құру салдарынан тілінің әсерлі болуы былай тұрсын, тіпті автордың не айтқысы келгенін түсіну қиын» деген сияқты, сондай-ақ кейбір артық-ауыс ұшқары кекесіндеу сөздер, ой-пікірлер де айтқан. Әуезовмақаласында сыншының әрбір даулы пікіріне нақпа-нақ, жеріне жеткізе өткір жауаптар береді. Айталық, «Құнанбай шешесінің ажарын сезді де, жуаси тусті» деген сөйлемдегі «ажарын сезді» тіркесінің орнына «ажарын көрді» деп жазу керек еді деген сыншы дауына автор: «...«Ажар» деген бет пішін ғана емес, ол адамның кейде іші де, кейде тысы да боп, ауыса отырады. Ал адамның ішін атаған көз болса, ол ішті көруге болмайды, сезуге ғана болады... «Ажарың ақ түлкінің ажарындай» деген өлеңде түлкійің серейген құлағың, сүйір тұмсығын, жылтың қаққан кезін айта ма? Сол көрініп тұрған сипаттарына теңей ме? Жоқ, жүйрік жылпаң тағының қылығына теңейді» дейді. Ал «иін сүйесіп тұрған» деудің орнына тіл маманының «иін тіресіп» тіркесін үлгі етіп ұсынуына байланысты: «Абайдың сол сәттегі сезімі, ұғымы бойынша жақсы кітаптар келісті қатарда үйлескен күйде, біріне-бірі сүйеніп тұрған қалыпта бейнелеймін. Мұны сәтімен табылған келісті орам, тың кесте деп білемін. «Кептерше сүйеніскен демалыс бар» деген Абайдың өзі емес пе еді?!» деп, кейбір жаңаша сез тіркестерін қолдану себептерін тарата талдай түсіндіріп, көркем әдебиет тілінің ерекшелік қадір-қасиеті мен сыр-сипаты туралы өзінің кенеулі, кең де терең толғамды теориялық, ой-пікірлерін ортаға салады: «Нәзік келген көңіл жайын, ой толқынын, сезім ырғағын, психологиялықтартыс пен тайталасты тың тілмен, өзінше бір ораммен орайлап айтқысы келетін талаптар бар.
Бүгін ілгері жүру үшін амалсыздан ерте тұрдым. Емін-еркін демалып, неғұрлым тез жүрсем, ең дұрысы сол болар деп ойладым. Әдейі осында жаздыгүні демалуға келгенмін. Таңертең жүгіріп жаттығулар жасаймын. Лажсыздан демалыс бітіп қалғандықтан әрең кетіп барамын. Әжептәуір демалдым. Тауға көтерілгенде де аса шаршаған жоқпын. Қасақана жаңбыр жауыпты. Түнде түнімен жауған ба, жол жүру мүмкін емес. Жолға шығып босқа шаршап, бекерге уақыт өткізбей, біршама тосайық. Нағыз қиын жол, осындай батпақта жол жүру ғой. Кілең ой-шұқыры көп жерлер екен. Жол әдемі деп сен жорта айттың ба? Мына көкөністерді шикілей жинапсың ғой. Баптаған жорғадай желіп келеміз. Ала жаздай демалғасын көп күш жинағанбыз ғой. Олар бет-бетімен кетті. Баяғыда жүрген жолдарымен.
-Сәлем, Әсем!
-9 мамыр Жеңіс күніне орай қандай көрініс қойғалы жатырсыңдар?
-біз женіс күніне қазақтың майталмандарына арнап көрініс қоямыз.
-Әсем сен қандай рөлді сомдайсың?
-Мен Мәншүк Маметованың рөлін сомдап шығамын!
-Қандай тамаша!
Сендер не істейсіңдер?
-қандай тамаша! Бізде әртүрлі плакаттар жасап, көрмеге қойғалы жатырмыз.
-Керемет!
Саубол Асем
Саубол Диана