М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Nesty111111
Nesty111111
06.10.2022 18:31 •  Қазақ тiлi

60-жаттығу 223бет білім деген сөзге әңгіме құрап берініздерші!

👇
Ответ:
biyubiyu
biyubiyu
06.10.2022

Білім.

Білім - ешқашан жойылмайтын инвестиция. Оған салған барлық қаржы он, тіпті жүз есе болып қайтады. Қазіргі дамыған заманда жастар білімді болуға тиіс, сонда ғана олар бәсекеге барынша қабілетті болып, өмірден оз орындарын таба алады.

«Білген адам білімді өмір бойы іздейді», - деп Ахмет Йүгінеки айтқандай, өмір бойы білім алып, білімді болу - қоғамда өз орнын табудың кепілі.

Соңғы жылдары өмір бойы білім алу концепциясы аса үлкен танымалдыққа ие болып отыр, себебі оқу үшін ешқашан кеш емес, тек талпыныс болса болғаны. Қазір адамды киген киімі бойынша емес, басындағы білімі арқылы бағалайды. Білімді адам ешқашан жұмыссыз қалмайтыны анық.

Абай, Ыбырай аталарымыз да жас ұрпақты білім алуға шықырып, білімді болуды насихаттаған болатын. Міне, осы аталарымыздың жолын жалғап, білім алудан жалықпайық, достарым!

4,7(26 оценок)
Ответ:
labzaekaterina
labzaekaterina
06.10.2022

Білім.

Мектеп қабырғасында жүргенде мұғалімдеріміз бізге "Мектеп – кеме,білім – теңіз.Барар жерге тез жетеміз" деп хормен айтқызушы еді ғой.Ол кездері бұл екі жолдың мағынасын түсінбейтін едік.Ал өсе келе ұғынамыз,көреміз.

Шынымен де,білім – ол ұшы мен шеті жоқ әрі терең теңіз.Ал мектеп арқылы біз бұл теңізді кішкентай да болсын өзімізге бағындырып,дұрыс жол таба аламыз.Білім – қазіргі таңда таптырмас қазына.Білімді,білікті адамдар қазіргі таңда өте көп сұранысқа ие.Және олар көптеген жетістіктерге жетуде.

Бар нәрсе білімнен бастау алады.Ғылымның әр саласы білімнің дамуымен тығыз байланысты.Білімнің арқасында адамзат тұрмысына,өміріне қажетті жаңалықтар ашылуда.

Білім не үшін керек? Әлбетте,бір орында тұрмай,заман ағымына ілесіп, ілгері жылжу үшін керек."Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні кәріп" деген мақал соның дәлелі.Әрине,мектеп кездінде оқымай,келешекте үлкен бастық,кәсіпкер болып жатқандар да бар.Олар тек ұйымдастырушылық қасиетімен,еңбекқорлығымен,табандылығымен дегендеріне жетіп отыр.Ал олардың қол астында білімі жоғары адамдар жұмыс істейді емес пе?Міне,сондықтан да,білім тегін беріліп жатқанда уақытты текке кетірмей, керісінше,көп білуге тырысу қажет деп білемін.

4,6(38 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
svetagres
svetagres
06.10.2022
Менің отаным-Қазақстан. Мен Қазақстанды əлемде ең ғажап ел деп санаймын. Қазақстанда əртүрлі ұлт өкілдері тұрады. Біздің басқа елдерден айырмашылығымыз-біз көпұлтты бола тұра, тəуелсіз жəне бейбіт елле тұрамыз. Біздің елдің табиғаты өте көркем. Біздің елде улкен нк ормандар, таулар, көлдер, теңіздер жəне т.б. əсем жерлер бар. Жəне бізде əдемі көлдер бар. Ең үлкендері-Ертіс, Есіл, Тобол, Жайық, Сырдария, Іле, Шу. Біздің отанымыз əсем-əсем мүражайларымен, театрларымен ғажап. Мен Қазақстанда туылғаныма мақтанамын.
4,4(11 оценок)
Ответ:
donaldavis1337
donaldavis1337
06.10.2022

Ақтамберді жырларында азаттық күрестің басты мақсаты өз алдына ел болу, төгілген қанның өтеуі бейбіт тіршілік, азат ел, мамыражай тіршілік дегенге саяды. Оны «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» жұмақ заманда тəуелсіз елдің тыныштығын ел арасындағы дау-жанжал бұзбаса, береке-бірліктің құтын қашырмаса деген тілек қатты толғандырады.

Жастайынан қанды қырғынды көріп, соғыстың бел ортасында жүргені дала шайырының жігерін жани түседі. Майданда біраз қалмақтың басын қаққан Ақтамберді «Балпаң, балпаң кім ба толғауында [3; 61, 62] батырлыққа үндеп, дұшпаннан именбеуға ұран салады:Ақтамберді жыраудың XVIII ғ. айтқан бұл сөзі бүгінгі ұрпаққа арналғандай көрінетіні несі екен?! Сөз өнерінің өміршеңдігі деген осындай бір өлшемдермен өлшенсе керек. Əр сөзді əркім өзіне қабылдайтындай немесе соны терең ұғынып, қабылдай алатындай дəрежеде болғанымыз жөн сияқты. Əдебиет — шаң басқан, мұражайда қат-қат жатқан сары қағаз емес, тірімізде тіршілікке аса қажет ауа, су жəне наннан кейінгі қажеттілік. Сəуегей жыраудың соны алдын ала көргеніне, болжампаздығына таңырқайсың...

4,5(7 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ