Қазақша шығарма: Менің туған жерім - егеменді Қазақстан Геморрой 4 күн ішінде толығымен емделеді Геморройдан жылдам емделу үшін, мына... Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған.
Әке, ана – өмірдің мәні де сәні де осылар. Ата-ана өміріміздің шамшырағы, отбасының негізгі дінгегі, дәнекері. Дін мұсылман жолында әкені құрметтеу-айырықша парыз. «Әкеге бағыну – Аллаға бағыну. Мұзды бесік таянған, — ана баласын көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызады. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, қатарға қосады. Бала үшін бәріне баруға бар ананы сол үшін де ерекше құрметтейміз. Ата-ана әрбір адамның қайта айналып соғар алтын қазығы. Оған деген сүйіспеншілік тек жүректен шығу қажет. Әрбір адам адамзаттың өз ата-анасының мөлдір махаббатына бөленуге бірден-бір құқылы. Ата-ананы сыйлау – бұл перзенттік парыз десекте болады.
Бұл кинода кішкентай Қожаның мектеп жасындағы бастан кешкен әр түрлі қызықты оқиғалары жайлы баяндалады. Ол қанша бұзықтық жасаса да жақсы адам болуға талпынысы бар.Өзінің жасаған бұзықтығының бәрі әкесіз өскендігінен деп ойлайды. Қожа өзінің мінезін, тәртібін өзгертуге тырысады. Бұл әңгімеде Қожаның балалық махаббаты да үлкен роль ойнайды. Ол сыныбындағы үлгілі, тәртіпті әрі сабағын үздік оқитын Жанар деген қызды жақсы көреді.Ол қызға махаббатының тасығаны сонша кей кездері Жанарға арнап өлең де шығарады.Жанарды әрқашан көргісі келіп тұрады.Қожа жазушы болуды армандайды.Біздің Қожамыз мейірімді,жанашыр.