T-[T]-дауыссыз ;қатаң ; е-[e]-дауысты жіңішке езулік р-[p]-дауыссыз Үнді e-[e]-дауысты жіңішке езулік з-[з]-дауыссыз Ұяң e-[e]-дауысты жіңішке езулік 6 әріп , дыбыс
Оқу - инемен құдық қазғандай. Оқымаған бір бала, оқыса екі бала. Оқу - білім бұлағы. Жақындықты ат айырады, оқымағанды хат айырады. Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт. Оқу - білім азығы,Білім – ырыс қазығы. Білім басы - бейнет, соңы - зейнет. Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт. Білімдіге дүние жарық.Білімсіздің күні кәріп. Көзі жоқ, құлағы саудыңАқылы толады.Құлағы жоқ, көзі саудыңАқылы солады. Өмір - үлкен мектеп.Өмірдің өзі - ұлы ұстаз. Жердің сәні - егін,Ердің сәні - білім. Жер - ырыстың кіндігі,Білім - ырыстың тізгіні. Өнер - ағып жатқан бұлақ,Ілім - жанып тұрған шырақ. Білімді өлсе,Қағазда аты қалар.Ұста өлсе,Істеген заты қалар. Кітап – алтын қазына. Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі. Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір. Көргенсіз дегенге кек тұтпа,Көргеніңнен көрмегенің көп. Ғылым - теңіз, білім - қайық.Алтын алма, білім ал. Ұстаздан шәкірт озар. Жеті жұрттың тілін біл,Жеті түрлі білім біл. Әліппенің ар жағы - білім бағы. Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер,Залыммен жақын болсаң, басың кетер. Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла. Кітап-ғылым – тілсіз мұғалім. Білімі жоқ ұл – жұпары жоқ гүл. Мың малың болғанша, бір балаң ғалым болсын. Наданмен дос болғанша,Кітаппен дос бол. Асу бермес асқар жоқ. Білегіңе сенбе, біліміңе сен. Екпей егін шықпас,Үйренбей білім жұқпас. Жаста оқыған оқуың - тасқа жазғанмен бірдей,Егде тартқанда оқыған оқуың - мұзға жазғанмен бірдей. Білім ауысады,Ырыс жұғысады. Білген кісі тауып айтады,Білмеген кісі қауып айтады. Өз білмегеніңді кісіден сұра,Үлкен жоқ болса кішіден сұра. Ақыл –дария,Ой – теңіз.Оқығанның бәрі жарық,Оқымағанның беті шарық. Білек сүріндіре алмағанды,Білім сүріндіреді. Білетінің бір тоғыз,Білмейтінің тоқсан тоғыз. Күш – білімде, білім – кітапта. Кісінің кісілігі,Киімінде емес, білімінде. Киіміне қарап,қарсы алады,Біліміне қарап шығарып салады. Білім гауһар –Бағасы жоқ.Надандық кесел –Дауасы жоқ. Қарғыстың ең жаманы –Өзің білме, білгеннің тілін алма. Түстік өмірің болса,Кештік білім жи. Білмесең үндеме,Білгенді күндеме.
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады. Этнограф – ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің қоғамыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады. Бұлардың көбісі мал шаруашылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізділген. Ахмет Жүнісовтың айтуынша (Фәниден бақиға дейін, — Алматы: «Қайнар», 1994), «Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан – балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен». Ал енді, «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» кітабында қазақтың ұлттық ойындарының мән-маңызы туралы былай деп жазылған: «Қазақ ұлты не- гізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған».
е-[e]-дауысты жіңішке езулік
р-[p]-дауыссыз Үнді
e-[e]-дауысты жіңішке езулік
з-[з]-дауыссыз Ұяң
e-[e]-дауысты жіңішке езулік
6 әріп , дыбыс